"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нормативтік-құқықтық актілер

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысы.

       Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.22 № 255 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.22 № 255 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
 

       2. Мыналардың:

       1) "Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 29, 258-құжат), 1-тармағының, 3-тармағы 2) тармақшасының;

       2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 1047 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

       3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының

 

      Премьер-Министрі

 

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 25 қаңтардағы
N 64 қаулысымен
бекітілген

     

 Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары

       Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.12.2019 № 1005 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы Қағидалар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:

      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

      4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

      5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.

      Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.

 2-тарау. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібі

      2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бағытталатын қаражат көлемі кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік білім беру мекемелері арасында осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентіне барабар бөлінеді.

       3. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет түріндегі материалдық көмек осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге беріледі. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет шеңберінде ұсынылатын материалдық көмектің түрлері мен көлемдері заңнамада айқындалады.

      Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттен тыс қаржылай және материалдық көмек:

      1) киім, аяқ киім, мектеп-жазу құралдарын сатып алуды;

      2) оқу орны бойынша тамақтандыруды ұйымдастыруды;

      3) қаржылай көмек көрсетуді;

      4) оқушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуын көздейді.

       Қаржылай көмек көрсетуге арналған қаражатты жұмсау осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін жүзеге асырылады.

      Оқитын жерінде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру қаражатты жұмсаудың басым бағыты болып табылады.

      Киім, аяқ киім, мектеп-жазу құралдарын сатып алу 1 (бір) білім алушыға немесе тәрбиеленушіге есептегенде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Жергілікті өкілді органдар жеңілдікпен жол жүруді ұйымдастыру, сондай-ақ қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамалар беру үшін жергілікті бюджеттерде қосымша қаражат көздеуге құқылы.

      Қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне жолдама алу, сондай-ақ білім алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуы осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге де қолданылады.

      4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші негізінде бөлінеді.

      Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші басшының атына білім беру ұйымына беріледі.

      Өтінішті алқалы орган өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды.

      Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының өтінішіне мынадай растау құжаттары қоса беріледі:

      1) осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама;

       2) осы Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін алынған табысы туралы алынған мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысын, кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлерінен түсетін табыс, балаларға және асырауындағы өзге де адамдарға алименттер түріндегі табыс);

      3) осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген санаттағы адамдар үшін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

      4) осы Қағидалардың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарды отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды. Көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажет болған жағдайда алқалы орган қажетті құжаттарды сұратады.

      Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысы қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат тағайындауға (өтініш берген айды қоса алғанда) өтініш берген сәтке дейінгі табыс сомасын жыл басынан айлар санына және отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы айқындалады.

      Отбасы құрамындағы орташа жан басына шаққандағы табысты есептеу кезінде ата-аналар (асырап алушылар) және олардың асырауындағы жасы 18-ге толмаған балалар ескеріледі.

      5. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың жұмсалуы білім беру ұйымында құрылған алқалы басқару органдарымен келісу бойынша қабылданатын білім беру ұйымының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге материалдық көмек көрсетуді білім беру ұйымдары, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған өнім берушілер қатарынан көрсетілетін қызметті жеткізушілерді материалдық көмек алушылардың дербес таңдауын көздейтін электрондық жеткізгіштер мен бағдарламалық, техникалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырады.

      6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың нысаналы жұмсалуын білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді.

      7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың түсімдерін және пайдаланылуын есепке алуды білім беру ұйымының немесе органның қаржы қызметі жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдары жыл сайын 20 қыркүйекке және 20 қаңтарға дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша есептілікті еркін нысанда ұсынады.

 

Мемлекеттік білім беру
мекемелерінің мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек алуға
құқығы бар отбасылардан,
сондай-ақ мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алмайтын, жан
басына шаққандағы табысы ең
төменгі күнкөріс деңгейінің
шамасынан төмен отбасылардан
шыққан білім алушылары мен
тәрбиеленушілеріне және жетім
балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалып,
отбасыларда тұратын балаларға,
төтенше жағдайлардың
салдарынан шұғыл жәрдемді
талап ететін отбасылардан
шыққан балаларға және өзге де
санаттағы білім алушылар мен
тәрбиеленушілерге қаржылай
және материалдық көмек
көрсетуге бөлінетін қаражатты
қалыптастыру, жұмсау бағыты
мен оларды есепке алу
қағидаларына
қосымша

 

___________________________

 

ұйымының басшысы

 

____________________________

 

(Т.А.Ә.)

 

____________________________

 

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

___________________________

 

(мекенжайы)

 Өтініш

      Сізден ______________________________________________ сынып оқушысы

      __________________________________________________________________

       (Т.А.Ә.) жалпыға міндетті оқу қорынан

      _____________________________ де материалдық көмек бөлуіңізді сұраймын.

      Себебі, ____________________________________________________________

      (себебі көрсетіледі) 20____ жылғы "___" ___________

      _____________________________ (күні, Т.А.Ә., қолы)



 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысы.

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары бекітілсін;

      2) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері мен түрлері.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

       3. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағының 7) тармақшасын, осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлерінің 1-тармағының үшінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
 

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 320 қаулысымен
бекітілген

       

 Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары

       1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек берудің тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекет білім алу кезеңінде:

      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) интернаттық ұйымдарда тәрбиеленуші және (немесе) білім алушы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға;

      3) кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларға әлеуметтік көмекке арналған шығыстарды толық қамтамасыз етеді.

      3. Толық мемлекеттік қамтамасыз ету білім беру ұйымының интернатында тұратын орын, жұмсақ мүкәммал, жабдықтар мен киім-кешек, тамақ, оқулықтар мен медициналық көмек беруді қамтиды.

      4. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға білім алуы кезеңінде медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде ұсынылады.

       5. Мемлекет білім алу кезеңінде:

      1) көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;

      2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;

      3) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балаларға;

      4) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларға;

      5) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне;

      6) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, жалпы оқыту білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіру емін жасайтын және медициналық оңалту ұйымдарында оқитын балаларға;

      7) "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге;

      8) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау шеңберінде білім алушыларға;

      9) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге санаттағы азаматтарға шығыстарды ішінара өтейді.

       Мемлекет осы Қағидалардың 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген санаттағы азаматтарға тамағы үшін тамақ құнының 80 пайызы мөлшерінде (20 пайызы ата-аналардың төлемі есебінен жабылады) шығыстарды өтейді.

       Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және қорғаншылық (қамқоршылық) пен патронаттағы адамдар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебінде республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен тегін ыстық тамақтану құқығына ие.

       Осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет тамақтану құнының 100 пайызы мөлшерінде ыстық тамаққа кететін шығыстарды өтейді.

      Осы Қағидалардың 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет жергілікті бюджет есебінен жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебінде ыстық тамаққа кететін шығыстарды өтейді.

      Тамақтануға кететін шығыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толықтай жергілікті бюджеттер есебінен жабылуы мүмкін.

       Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек берудің мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне сәйкес мектепте бір рет тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2018 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.05.2019 № 241; 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
 

      6. Білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары ата-анасының немесе өзге заңды өкiлдерiнің еркін нысандағы жазбаша өтініші мен мынадай растайтын құжаттардың бірі болған кезде жүзеге асырады:

      1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі;

      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қамқоршылықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

      4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер);

      6) 5-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – оқу орнына қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі.

      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы табыстарының сомасын жыл басынан бастап әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат тағайындау үшін өтініш берген сәтке дейінгі барлық айларға (өтініш берген айды қоса алғанда) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен айқындалады.

      Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу кезінде отбасының құрамында ата-аналары (өзге заңды өкiлдерi) және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалар ескеріледі.

      Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек алу құқығы жыл сайын осы Қағидалардың 6-тармағының 4 және 5) тармақшаларына сәйкес құжаттарды білім беру ұйымына ұсыну арқылы расталуы тиіс.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
 

      7. Білім беру ұйымы қажетті құжаттармен қоса өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оларды қарайды және әлеуметтік көмек ұсыну немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      8. Өтініш берушінің әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға алып келетін жалған мәліметтер ұсынуы және әлеуметтік көмек алуға әсер ететін жағдаяттар туралы уақтылы хабарламауы азаматтарға әлеуметтік көмекті көрсетуден бас тарту болып табылады.

      Бас тартылған жағдайда жазбаша түрде әлеуметтік көмек ұсынудан бас тарту себептері туралы дәлелді жауап беріледі.

      9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымның басшысына:

      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан білім алушыларға каникул кезеңінде заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен олар тәрбиеленген ұйымдарға және отбасыларына жолақысын, тәуліктік шығыстарды қаржыландыру;

      2) каникул кезеңінде ұйымдастырылған демалыс орындарына бармайтын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан білім алушыларға тамақтануға арналған тәуліктік норма құнының шегінде қолма-қол ақша бөлу құқығы беріледі.

      10. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға білім алу кезеңінде жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығы беріледі.

      11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымының басшысы мүмкіндігіне қарай:

      1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) мүгедектерге және бала кезінен мүгедек балаларға еңбек лагерлеріне, пансионаттар мен профилакторийлерге, демалыс үйлеріне, студенттік сауықтыру лагерлеріне, ал медициналық айғақтар болған кезде тиісті бейіндегі шипайжайларға білім беру ұйымының қаражаты есебінен тегін жолдамалар береді.

      12. Білім алу кезеңінде мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жол жүруіне байланысты шығыстар оқушының және студенттің жол жүру билеттерінің құны есебімен мемлекеттік білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      13. Қосымша білім беру ұйымдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың білім алуы осы ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      14. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың шығындарды мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтінімдері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру саласындағы уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде қарайды.

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 320 қаулысымен
бекітілген

 Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлері

       1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында (түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) тәрбиеленетін және оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тамақтандыру, киім-кешекпен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне (бұдан әрі – мөлшерге, көздерге және түрлерге) 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.

      Шаруашылық мүкәммал, жеке гигиеналық заттар, ойыншықтар, көркем әдебиет сатып алуға, мәдени-бұқаралық іс-шараларға жұмсалатын шығыстар сомасы жабдықтар, мүкәммал сатып алуға және ғимараттар мен құрылысқа күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстарды есепке алмағанда барлық тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау құнының кемінде үш пайызы мөлшерінде болады.

      "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттер үшін тамақтану нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 13.06.2018 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.05.2019 № 241; 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
 

       2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен білім алушыларға негізгі орта, жалпы орта, мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын аяқтағаннан кейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына (түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) түсу кезінде берілетін киім-кешек, аяқ киім нормасы мөлшерге, көздерге және түрлерге 6-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      Бұдан басқа, осы санаттағы білім алушылар үшін екі айлық есептік көрсеткіш сомасында біржолғы ақшалай жәрдемақы көзделген.

       3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен білім алушыларға негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын аяқтағаннан кейін (түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) берілетін киім-кешек, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал, жабдықтар нормасы мөлшерге, көздерге және түрлерге 7-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      Бұдан басқа, осы санаттағы білім алушылар үшін төрт айлық есептік көрсеткіш сомасында біржолғы ақшалай жәрдемақы көзделген.

       4. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектерді және бала кезінен мүгедектерді, мүгедек балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды, кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.

       5. Мемлекеттің толықтай және ішінара қамтамасыз етуіндегі жалпы және шипажайлық үлгідегі мектеп-интернаттарда тұратын балалар мен білім алушыларды тамақтандыру, жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 9-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.

       6. Мемлекеттің толықтай және ішінара қамтамасыз етуіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 9 және 10-қосымшаларға, ал республикалық әскери мектеп-интернаттары үшін - 9, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.

       7. Сәбилер үйіндегі балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 11 және 12-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.

       7-1. Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте тамақтандыру нормалары әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне, түрлеріне 15-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
 

        8. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты мемлекеттік білім беру ұйымдары демеушілік және қайырымдылық көмектер алатын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақылы түрде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) ұсынудан түсетін қаражат әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға олардың білім алуы кезеңінде әлеуметтік көмек ұсыну көзі болып табылады.

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
1-қосымша

 Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда (түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) тәрбиеленетін және (немесе) білім алатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Мектеп жасындағы бір тәрбиеленушіге

Мектеп жасына дейінгі бір тәрбиеленушіге

 

саны

киілу мерзімі (жыл)

саны

киілу мерзімі (жыл)

 

1

2

3

4

5

6

 

Киім-кешек

 

 Қысқы пальто, тон

дана

1

2

1

2

 

Маусымдық пальто, күрте

"

1

2

1

2

 

 Мектеп киімі

жиынтық

1

1

-

-

 

 Ер балалардың мақта-матадан тігілген ақ көйлектері

дана

2

2

-

-

 

Спорттық киім және кедалар

жиынтық

1

1

-

-

 

Ер балалар костюмі

"

3

2

3

1

 

 Қыз балалардың көйлектері (белдемшелер, блузка)

дана

3

2

3

1

 

 Қыз балалардың үйде киетін халаттары

"

2

2

2

2

 

 Ер балалардың мақта-матадан тігілген сыртқы көйлектері

"

3

1

3

1

 

 Жүннен тігілген мерекелік көйлек

"

2

1

2

1

 

 Жүннен тігілген мерекелік костюм

жиынтық

1

1

1

1

 

Жүннен тоқылған свитер (жемпір)

дана

1

2

2

2

 

 Жазғы мерекелік көйлек

"

2

1

2

1

 

 Қыз балалардың гамашы

"

2

1

2

1

 

 Жазғы бас киім

"

1

1

1

1

 

 Қысқы бас киім

"

1

2

1

2

 

 Күзгі-көктемгі бас киім

"

1

2

1

2

 

 Іш киім

жиынтық

2

1

5

2

 

 Қол орамал

дана

4

1

4

1

 

 Ер балалар шалбарының белбеуі

"

1

1

-

-

 

 Жартылай жүнді шарф

"

1

2

1

2

 

 Қолғап (биялай)

жұп

2

1

3

2

 

 Қыз балалардың бюстгальтері

дана

4

1

-

-

 

 Майкалар, трусилер

"

6/3

1

6/3

1

 

 Мақта-матадан тоқылған колготки, шұлық, гольфтар

жұп

5

1

6

1

 

 Жүннен тоқылған колготки, шұлық, гольфтар

"

6

1

6

1

 

12 мен 18 жас аралығындағы қыздарға арналған гигиеналық заттар

"

150

1

-

-

 

Бәтеңкелер, туфлилер (сандалии)

"

3

1

3

1

 

Кроссовкалар

"

1

1

1

1

 

 Үйде киетін аяқ киім

"

2

1

3

1

 

Етіктер, бәтеңкелер (қысқы)

"

1

1

1

1

 

Резеңке етіктер

"

1

2

1

1

 

Спорттық бас киім

"

1

2

1

2

 

Түнгі жейделер, пижамалар

"

2

1

2

1

 

Колготки (жұқа)

"

5

1

6

1

 

Алжапқыштар (көкірекшелер)

"


 


 

2

1

 

Құмда жату, шомылу, малту іш киімдері

"

1

1

1

1

 

Жұмыс киімі

жиынтық

1

2

1

2

 

Портфель, сөмке

дана

2

2

-

-

 

Шабадан

"

1

5

1

5

 

Жұмсақ мүкәммал

 

Ақ жайма

дана

3

2

5

2

 

Көрпе тысы

"

2

3

3

3

 

Жастықтың тысы (ішкі)

"

1

4

1

4

 

Жастықтың тысы (сыртқы)

"

3

2

3

2

 

Мақта-матадан жасалған вафельді сүлгі

дана

3

2

3

2

 

Түкті сүлгі

"

3

3

3

2

 

Жүннен немесе мақтадан жасалған көрпе

"

1

6

1

6

 

Түкті көрпе

"

1

4

1

4

 

Матрац

"

1

4

1

3

 

Жастық

"

1

8

1

8

 

Төсек жапқыш

"

1

6

1

6

 

Кереует алдындағы кілемше

"

1

4

1

4

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және
түрлеріне
2-қосымша

               

 Мемлекеттік техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында (түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) білім алатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Беру нормасы

Киілу мерзімі (жыл)

 

ер балалар үшін

қыз балалар үшін

 

1

2

3

4

5

 

Киім-кешек

 

Жылы күрте

дана

1

1

2

 

Жасөспірімдердің жүннен тігілген үштік костюмі

жиынтық

1

-

2

 

Қыздардың жүннен тігілген үштік костюмі

"

-

1

2

 

Қыздардың блузкасы

дана

-

1

1

 

Жасөспірімдердің жейдесі

"

1

-

1

 

Қыздардың қысқы көйлегі

"

-

1

1

 

Қыздардың блузкасы мен белдемшесі

"

-

1

1

 

Жасөспірімдердің мақта-матадан тігілген костюмі

жиынтық

1

-

1

 

Жасөспірімдердің майкасы

дана

2

-

1

 

Қыздардың іш көйлегі

"

-

2

1

 

Қыздардың лосинасы

"

-

2

1

 

Трусилер

"

4

4

1

 

Бас киім:
қысқы
күзгі

"
"

1
1

1
1

2
2

 

Туфли

жұп

1

1

1

 

Бәтеңке

"

1

1

1

 

Жылы етік (қысқа қонышты етік)

"

1

1

1

 

Ауылдық кәсіптік лицейлер оқушылары үшін керзі етік

"

1

1

1

 

Жасөспірімдердің қысқа жең жейдесі

дана

2

-

1

 

Қыздардың жазғы көйлегі

дана

-

2

1

 

Спорттық шәркелер

жұп

1

1

1

 

Қолғап (биялай)

"

2

2

1

 

Мақта-матадан тоқылған шұлықтар

"

4

2

1

 

Жүннен тоқылған шұлықтар

"

2

2

1

 

Колготки

дана

-

4

1

 

Жартылай жүннен тоқылған колготки

"

-

2

1

 

Орамал (шарф)

"

1

1

1

 

Қол орамалдар

"

4

4

1

 

Жаттығу костюмі

жиынтық

1

1

1

 

Бюстгальтер

дана

-

4

1

 

Қыздардың түнде киетін жейдесі

"

-

1

1

 

Қыздарға арналған гигиена заттары

"

-

150

1

 

Жұмсақ мүкәммал

 

Ақ жайма

дана

3

3

2

 

Көрпе тысы

"

2

2

3

 

Жастықтың тысы (ішкі)

"

1

1

4

 

Жастықтың тысы (сыртқы)

"

3

3

2

 

Мақта-матадан жасалған вафельді сүлгі

"

3

3

2

 

Түкті сүлгі

"

3

3

3

 

Жүннен немесе мақтадан жасалған көрпе

"

1

1

6

 

Түкті көрпе

"

1

1

4

 

Матрац

"

1

1

4

 

Жастық

"

1

1

8

 

Төсек жапқыш

"

1

1

6

 

Кереует алдындағы кілемше

"

1

1

4

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және
түрлеріне
3-қосымша

             

 Балалар бөбекжайында, балабақшаларда және мектепке дейінгі санаторий ұйымдарында тәрбиеленетін балаларды тамақтандыру нормалары (бір балаға күніне граммен)

Атауы

Балалардың жас мөлшері

Санаторий ұйымдарында

 

3 жасқа дейін

3 жастан 7 жасқа дейін

 

Ұйымдарда болу ұзақтығы

 

9-10,5 сағат

12-24 сағат

9-10,5 сағат

12 сағат

24 сағат

3 жасқа дейін

3-7 жасқа дейін

 

1

2

3

4

5

6

7

8

 

Азық-түлік

 

Бидай наны

55

60

80

110

110

70

110

 

Қара бидай наны

25

30

40

60

60

80

60

 

Бидай ұны

16

16

20

25

25

16

25

 

Картоп ұны

3

3

3

3

3

3

3

 

Жарма, бұршақ, макарон өнімдері

20

30

30

45

45

35

45

 

Картоп

120

150

190

220

220

150

250

 

Әртүрлі көкөністер

180

200

200

250

250

300

300

 

Жаңа піскен жемістер

90

130

60

60

150

250

350

 

Кептірілген жемістер

10

10

10

10

15

15

15

 

Кондитерлік бұйымдар

4

7

10

10

10

10

15

 

Қант

35

50

45

55

55

50

60

 

Сары май

12

17

20

23

25

30

35

 

Өсімдік майы

5

6

7

9

9

6

10

 

Жұмыртқа (дана)

0,25

0,5

0,5

0,5

0,5

1

1

 

Сүт

500

600

420

500

500

700

700

 

Сүзбе

40

50

40

50

50

50

75

 

Ет

60

85

100

100

100

120

160

 

Балық

20

25

45

50

50

25

70

 

Қаймақ

5

5

5

10

15

20

25

 

Ірімшік

3

3

5

5

5

10

10

 

Шай

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

 

Дәнді кофе

1

1

2

2

2

1

2

 

Тұз

2

2

5

5

8

5

8

 

Ашытқы

1

1

1

1

1

1

1

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және
түрлеріне
4-қосымша

                   

 Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда және интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін балалар мен және кәмелетке толмағандарды оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларды тамақтандыру нормалары

       Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 13.06.2018 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Атауы

Бір балаға арналған норма (күніне граммен)

мектеп жасына дейінгі

мектеп жасындағы

1

2

3

Азық-түлік

Қара бидай наны

60

150

Бидай наны

100

200

Бидай ұны

35

35

Картоп ұны

3

3

Жарма, бұршақ, макарон өнімдері

45

75

Картоп

300

400

Көкөністер және басқа да түрлі жемістер

400

470

Жаңа піскен жемістер

260

250

Кептірілген жемістер

10

15

Шырындар

200

200

Кондитерлік бұйымдар

25

25

Қант

55

70

Сары май

35

50

Өсімдік майы

12

18

Жұмыртқа (дана)

1

1

Сүт, қышқыл сүт өнімдері

500

500

Сүзбе

50

70

Ет

95

100

Құс еті

25

30

Балық және майшабақ

60

110

Шұжық өнімдері

10

25

Қаймақ

10

10

Ірімшік

10

12

Шай

0,2

0,2

Кофе

2

4

Какао

1

2

Тұз

8

8

Дәмдеуіштер

2

2

Ашытқы

1

1

       Ескертпе:

      1. Жазғы сауықтыру кезеңінде (90 күнге дейін), жексенбі, мереке күндері, каникул күндері тамақтандыруға арналған шығыстар нормасы 10 пайызға көбейтіледі.

       2. Жекелеген тамақ өнімдерін алмастыруды "Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін өнімдерді алмастыру кестесіне сәйкес бөлінген қаражат шегінде жүргізуге рұқсат етіледі.

      3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілерін техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін жіберген кезде оларға интернаттық ұйымдарды ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жолда болу уақытына қызметтік іссапарлардың нормалары бойынша жол жүру мен тәуліктік шығыстар төленеді. Бұл ретте осы тәрбиеленушілер үшін тамақтандыруға белгіленген шығыстар жүргізілмейді.

      4. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балараға арналған білім беру ұйымдарының және барлық үлгідегі интернаттық ұйымдардың басшыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар каникул күндері, жексенбі және мереке күндері туыстарының немесе жекелеген азаматтардың отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңде тамақтандыру нормаларына сәйкес азық-түлік немесе тамақтану құны шегінде қолма-қол ақша беруге рұқсат етіледі.

      5. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы түзету ұйымдарында оқитын (тұрмай) білім алушылардың тамақтануына арналған шығыстардың ақшалай нормасы күніне бір білім алушыға арналған тамақтану құнының 75 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      6. Музыка немесе көркемөнер колледжінің бір білім алушысын тамақтандыру нормалары мектеп жасындағы бір балаға арналған тамақтандыру нормаларына сәйкес келеді.

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және
түрлеріне 5-қосымша

 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан білім алушылар мен студенттерді және "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерді тамақтандыру нормалары

       Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Атауы

Бір адамға арналған норма (күніне граммен)

1

2

Азық-түлік

Қара бидай наны

170

Бидай наны

280

Бидай ұны

35

Картоп ұны

3

Жарма, бұршақ, макарон өнімдері

75

Картоп

400

Көкөніс және басқа түрі

470

Жаңа піскен жемістер

250

Шырындар

200

Кептірілген жемістер

15

Қант

70

Кондитерлік бұйымдар

25

Кофе

4

Какао

2

Шай

2

Ет

160

Құс еті

30

Балық, майшабақ

110

Шұжық өнімдері

25

Сүт, қышқыл сүт өнімдері

500

Сүзбе

70

Қаймақ

10

Ірімшік

12

Сары май

50

Өсімдік майы

18

Дәмдеуіштер

2

Тұз

8

Ашытқы

1

Жұмыртқа (дана)

1


 

       Ескертпе:

      1. Жазғы сауықтыру кезеңінде (90 күнге дейін), жексенбі, мереке күндері және каникул күндері тамақтандыруға арналған шығыстар нормасы 10 пайызға көбейтіледі.

      2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға ыстық тамақ болмаған кезде, сондай-ақ бір-екі рет тамақтандырылған кезде білім алушыларға тамақтың орнына алынған ыстық тамақтың өтелмеген құнының мөлшерінде (саудалық үстеме бағасы ескеріле отырып) толық немесе ішінара ақшалай өтемақы төленеді.

      3. Жоғары білім беру ұйымдарында және "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша білім алатын студенттерді тамақтандыру шығыстарын төлеу жеке тұлғаларға олардың сомаларын банкте ашылған ағымдағы шотқа аудару арқылы ақшалай баламада жүзеге асырылады.

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
6-қосымша

 Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарын бітірушілерге техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарына (түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) оқуға түскен кезде берілетін киімнің, аяқ киімнің нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Бір тәрбиеленушіге арналған саны

1

2

3

Маусымдық пальто немесе жылы күздік күрте

дана

1

Бас киім (күзгі)

"

1

Жылы шарф

"

1

Қолғап

жұп

1

Аяқ киім

"

1

Үйде киетін шәрке

"

1

Қыздарға арналған іш көйлек

дана

2

Түнде киетін жейде (көйлек), пижама

"

2

Бюстгальтер

"

2

Қыздар гамашы

"

2

Колготкилер

жұп

2

Жасөспірімдер майкасы

дана

2

Трусилер

"

2

Мақта-матадан тоқылған шұлық

жұп

2

Трико

дана

1

Жасөспірімдердің мақта-матадан тігілген көйлегі

"

2

Шалбар (ерлерге арналған)

"

1

Жүннен тігілген ер балалар костюмі

жиынтық

1

Жүннен тігілген қыздар костюмі

жиынтық

1

Мақта-матадан тігілген қыздар көйлегі

дана

1

Үйде киетін халат

"

1

Қол орамал

"

2

Сүлгі

"

1

Шабадан немесе сөмке

 дана

1

Жеке гигиена заттары:

иіс сабын және кір сабын

сусабын

паста

тіс щеткесі

дана

"

"

"

"

2

1

1

1


 

      Ескертпе: Жоғарыда аталған киімдер және аяқ киімдер тізбесімен қамкоршылықтағы (қорғаншылықтағы), патронаттағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтамасыз етіледі

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
7-қосымша

 Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан балаларды жұмысқа жіберу және жұмысқа орналастыру кезінде оларға берілетін киімдердің, аяқ киімдердің, жұмсақ мүкәммалдың, жабдықтардың нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Заттар саны

ер балаларға

қыз балаларға

1

2

3

4

Киім-кешек

Қысқы пальто

дана

1

1

Маусымдық пальто, күрте

"

1

1

Бас киім: қысқы

күзгі

"

"

1

1

1

1

Жылы шарф

"

1

1

Қолғап (биялай)

жұп

1

1

Аяқ киім: күзгі

жазғы

қысқы жылы

"

"

"

1

1

1

1

1

1

Шәрке

"

1

1

Іш киім

жиынтық

2

-

Іш көйлек

дана

-

1

Түнде киетін жейде

"

-

1

Бюстгальтер

"

-

4

Колготки

жұп

-

2

Костюм, мерекелік көйлек

дана

1

1

Спорттық костюм

жиынтық

1

1

Жібек блузка

дана

-

1

Мерекелік көйлек

"

1

-

Жүн матадан тігілген сарафан (белдемше)

"

-

1

Жүн матадан тігілген шалбар

"

1

-

Көйлек, сыртқы блузка

"

1

1

Көйлек (мақта-матадан тігілген костюм)

"

1

1

Жакет немесе жемпір

"

1

1

Қол орамал

"

2

2

Шұлықтар, гольфтар

жұп

2

2

Портфель, сөмке

дана

1

1

Шабадан

"

1

1

Жұмсақ мүкәммал

Зығыр сүлгі

"

1

1

Түкті орамал

"

1

1

Жастықтың тысы (ішкі)

"

1

1

Жастықтың тысы (сыртқы)

"

2

2

Жүн көрпе

"

1

1

Ақжайма

"

2

2

Төсек жапқыш

"

1

1

Көрпе тысы

"

2

2

Мақталы матрац

"

1

1

Жастық

"

1

1

Терезе пердесі

жұп

1

1

Жабдықтар

Кереует

"

1

1

Тумбочка

"

1

1

Үстел

"

1

1

Орындықтар

"

2

2

Ыдыс-аяқ

Ас үйлік

жиынтық

1

1

Асханалық

"

1

1


 

      Ескертпе:

      Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары осы тізбеге бөлінген қаражат шегінде жекелеген өзгерістер енгізе алады. Білім алушының қалауы бойынша киімнің, аяқ киімнің, жұмсақ мүкәммалдың және жабдықтың орнына ақшалай өтемақы беруге немесе киімді, аяқ киімді, жұмсақ мүкәммалды және жабдықты өз бетінше сатып алуға екінші деңгейдегі банкке білім алушының жеке шотына аударуға рұқсат етіледі.

      Білім алушыға білім беру ұйымын бітірген соң оқу кезеңінде оның пайдалануында болған, кию мерзімі бітпеген киім мен аяқ киімді қалдыруға (қалауы бойынша) рұқсат етіледі.

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
8-қосымша

 Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектерді және бала кезінен мүгедектерді, мүгедек балаларды, көп балалы отбасынан шыққан балаларды, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы балаларды, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балаларын, кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Бір тәрбиеленушіге арналған норма

Киілу мерзімі (жыл)

 

1

2

3

4

 

Киім-кешек

 

Қысқы пальто

дана

1

3

 

Маусымдық пальто, күрте

"

1

3

 

Мектеп киімі

жиынтық

1

2

 

Ер балалардың мақта-матадан тігілген костюмі

"

1

2

 

Қыз балалардың мақта-матадан тігілген көйлектері (белдемшелер, блузка)

дана

4

3

 

Ер балалардың мақта-матадан тігілген сыртқы көйлектері

"

4

2

 

Жүннен тоқылған свитер (жемпір)

"

1

2

 

Қыз балалардың рейтуздары (гамаши)

"

1

1

 

Қол орамал

"

4

1

 

Ер балалар шалбарының белбеуі

"

1

2

 

Жазғы бас киім

"

1

2

 

Қысқы бас киім

"

1

3

 

Жартылай жүннен тоқылған шарф

"

1

3

 

Қолғап (биялай)

жұп

2

1

 

Қыз балалардың бюстгальтері

дана

3

2

 

Трусилер, майка

жұп

6/3

1

 

Спорттық киім

жиынтық

1

2

 

Кроссовкалар

жұп

1

1

 

Мақта-матадан тоқылған шұлықтар, гольфтар

жұп

3

1

 

Бәтеңкелер, туфлилер

"

2

1

 

Жүннен тоқылған шұлықтар, гольфтар

"

2

1

 

Шәркелер

"

1

1

 

Түнгі жейде, пижама

дана

2

2

 

Колготки

"

2

1

 

Жұмыс костюмдері

жиынтық

1

1

 

Жұмсақ мүкәммал

 

Ақжайма

дана

3

3

 

Көрпе тысы

"

3

4

 

Жастықтың сыртқы тысы

"

3

3

 

Жастықтың ішкі тысы

"

1

5

 

Сүлгі (аяқ сүртетін сүлгіні қоса алғанда)

"

3

1

 

Түкті сүлгі

"

1

2

 

Жүннен, мақтадан жасалған көрпе

"

1

6

 

Түкті көрпе

"

1

5

 

Матрац

"

1

8

 

Жастық

"

1

8

 

Төсек жапқыш

"

1

6

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
9-қосымша

           

 Жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын және білім алатын балаларды жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ұсталу мерзімі(жыл)

 

1

2

3

4

 

Жұмсақ мүкәммал

 

Ақ жайма

дана

3

3

 

Көрпе тысы

"

3

4

 

Жастықтың сыртқы тысы

"

3

3

 

Жастықтың ішкі тысы

"

1

5

 

Сүлгі (аяқ сүртетін сүлгіні қоса алғанда)

"

3

1

 

Түкті сүлгі

"

1

2

 

Жүннен, мақтадан жасалған көрпе

"

1

6

 

Бәйкі көрпе

"

1

5

 

Матрац

"

1

8

 

Жастық

"

1

8

 

Төсек жапқыш

"

1

6

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
10-қосымша

           

 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында, оның ішінде республикалық әскери мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыру нормалары

Атауы

Бір білім алушыға арналған норма (күніне граммен)

1

2

Азық-түлік

Қара бидай наны

250

Бидай наны, тоқаш тағамдары

300

Бидай ұны

30

Крахмал

5

Жарма, бұршақ, макарон өнімдері

125

Қант, тәттілер

120

Бал

20

Кондитерлік бұйымдар

60

Сары май

50

Өсімдік майы

18

Сүт, қышқыл сүт өнімдері

450

Қаймақ

20

Сүзбе

70

Ірімшік

15

Ет, ет өнімдері

390

Шұжық

30

Құс еті

30

Балық, май шабақ

90

Жұмыртқа

50

Картоп

390

Жаңа піскен және консервіленген көкөністер

680

Жемістер, жидектер

660

Шырындар

500

Кептірілген жемістер

15

Шай

2

Кофе

2

Какао

2

Дәмдеуіштер

2

Тұз

15

Ашықты

1


 

       Ескертпе: Жекелеген тамақ өнімдерін алмастыруды заңнамада белгіленген тәртіппен "Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін өнімдерді алмастыру кестесіне сәйкес жүргізуге рұқсат етіледі.

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
11-қосымша

 Сәбилер үйлеріндегі балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

Атауы

Балалардың жас мөлшеріне қарай

1 жасқа дейін

1 жастан 2 жасқа дейін

2 жастан 3 жасқа дейін

саны

кию мерзімі (жыл)

саны

кию мерзімі (жыл)

саны

кию мерзімі (жыл)

1

2

3

4

5

6

7

Іш киім және төсек орын жабдықтары

Іш көйлек, майка, алды ашық жеңсіз көйлек

25

3

10

3

10

3

Кеудеше, пижама, түнде киетін жейделер

12

3

15

3

6

2

Тізебасар, трусилер, трико (жылы)

40

3

40

3

10

2

Тізебасар, трусилер, трико (жаздық)

30

3

30

3

10

2

Памперстер

6

1 тәулікке

2

1 тәулікке

1

1 тәулікке

Балалардың ақжаймалары

7

3

8

4

8

4

Жазғы жаялық

130

3

50

3

10

2

Жылы жаялық

30

4

10

4

-

-

Көрпе тысы (балалардың конверттері)

8

3

8

4

5

4

Жастықтың сыртқы тысы

7

3

7

3

5

3

Жастықтың ішкі тысы

1,5

2

1,5

2

1,5

2

Төсеніштік жастықтың тысы

-

-

1,5

3

1,5

3

Балалардың сүлгісі

4

2

8

3

8

3

Косынкалар, тақиялар

5

3

5

3

5

3

Киім және аяқ киім

Жылы костюмдер (көйлектер)

-

-

6

3

6

3

Жазғы костюмдер (көйлектер)

-

-

8

3

8

3

Тоқыма жаттығу костюмдері

-

-

-

-

2

2

Алжапқыштар

-

-

3

2

3

2

Шұлықтар, гольфилер

5

1

10

1

10

1

Колготки

-

-

20

1,5

12

1

 Жүннен (жартылай жүннен) тоқылған свитерлер, жакеттер, кеудешелер

1,5

3

2

4

2

4

Рейтуздар

-

-

2

2

2

2

Су өткізбейтін күрте (плащ)

-

-

-

-

1

2

Маусымдық пальто

-

-

1

2

1

2

Қысқы пальто

-

-

1

2

1

2

Жазғы бас киімдер (панамкалар, пилоткалар)

-

-

3

3

3

3

Теріден жасалған балалар бас киімі

-

-

1

3

1

3

Жүннен тоқылған бас киімдер

1,5

2

1,5

2

2

2

Шарфтар, мойын орамалдар

-

-

1

2

1

2

Қолғап

-

-

2

2

3

3

Жүннен тоқылған шұлықтар

4

2

3

1,5

3

1,5

Туфли

-

-

2

1

2

0,5

Бәтеңке

1

1

1

1

1

1

Бәтеңке, жылы етік

-

-

1

2

1

1

Резеңке етіктер

-

-

-

-

1

2

Жылы мерекелік костюм (көйлек)

-

-

1

2

1

2

Жазғы мерекелік костюм (көйлектер)

-

-

1

2

1

2

Жібек капрон ленталар (метр)

-

-

2

2

2

2

Мерекелік аяқ киім (чешкилер және т.б.)

-

-

2

2

2

2

Төсек орын және өзге де керек-жарақтар

Балалар матрацтары

2

3

1,5

3

1,25

3

Мақта салып тігілген жылы балалар көрпелері

2

3

1,5

3

1,1

3

Жүн көрпелер, жартылай жүн көрпелер

1,25

5

1,25

5

1,1

5

Балаларға арналған түкті көрпелер

2,5

3

1,5

3

1,25

3

Матадан жасалған балалар көрпелері

1

5

1

5

1

5

Жастықтар

2

4

1,5

1

1,5

4

Ұйықтайтын қаптар

1

4

1

4

1

4

Кереует жанына төсейтін кілемшелер

2

4

2

4

2

4

Ыдыс сүртуге арналған сүлгілер

0,25

1

0,25

1

0,25

1

Қол орамалдар (майлықтар)

10

1

10

1

10

1


 

      Ескертпе: Сәбилер үйлерінің бас дәрігерлеріне балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз етудің нормаларына бір балаға арналған толық жиынтық құнының шегінде жекелеген өзгерістер енгізуге құқық беріледі.

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
12-қосымша

 Сәбилер үйлеріндегі балаларды тамақтандыру нормалары

Атауы

Бір балаға арналған норма (күніне граммен)

1

2

Азық-түліктер

Бидай наны

100

Қара бидай наны

50

Бидай ұны

20

Картоп ұны

3

Жарма, бұршақ, макарон өнімдері

35

Картоп

150

Әртүрлі көкөністер

300

Жаңа піскен жемістер

250

Кептірілген жемістер

15

Жеміс шырыны

50

Кондитерлік тағамдар

10

Қант

50

Сары май

30

Өсімдік майы

6

Жұмыртқа (дана)

1

Сүт

700

Сүзбе

50

Ет

120

Балаға және емдәмдік тамақтандыруға арналған ет консервілері

50

Балық

25

Қаймақ

20

Ірімшік

10

Шай

0,2

Кофелік сусын

1

Тұз

5

Ашытқы

1


 

      Ескертпе:

      Созымалы іш ауруымен, туберкулезбен ауыратын балалар, әлсіреген балалар үшін, сондай-ақ оқшаулағыштағы ауру балалар үшін 15 пайыздық үстеме беріледі.

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
13-қосымша

 Республикалық әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Киілу мерзімі (жыл)

 

Киім-кешек

 

1

Жүннен жасалған салтанатты фуражка

дана

1

2

 

2

Жүннен жасалған салтанатты шығатын мундир погондарымен, ілмектерімен және жеңдегі белгімен (китель-шалбар)

жиынтық

1

2

 

3

Салтанатты шығатын көйлек погондарымен

дана

1

2

 

4

Құлақшын

дана

1

2

 

5

Шұға шинель погондарымен, ілмектерімен және жеңдегі белгісімен

дана

1

2

 

6

Далалық кеудеше погондарымен, жеңдегі белгісімен және күнделікті камуфляж шалбар

жиынтық

1

1

 

7

Салтанатты ақ қолғаптар

жұп

1

2

 

8

Мыстан жасалған айылбасы бар тоғасымен солдат белдісі

дана

1

2

 

9

Мақта-матадан жасаған шұлық

жұп

4

1

 

Аяқ киім

 

10

Қонышы биік қысқы биік

жұп

1

1

 

11

Жұқа былғардан тігілген қонышты бәтеңке

жұп

1

1

 

Жұмсақ мүкәммал

 

12

Монша сүлгісі

дана

1

2

 

13

Ақжайма

дана

2

2

 

14

Көрпе тысы

дана

2

2

 

15

Жастықтың сыртқы тысы

дана

2

2

 

16

Жастықтың ішкі тысы

дана

1

4

 

17

Сүлгі (аяқ сүртетін сүлгіні қоса))

дана

3

1

 

18

Жүннен, мақтадан жасалған көрпе

дана

1

6

 

19

Түкті көрпе

дана

1

4

 

20

Матрац

дана

1

4

 

21

Мамық қауырсынды жастық

дана

1

8

 

22

Төсек жапқыш

дана

1

6

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
14-қосымша

             

 Республикалық әскери мектеп-интернаттардың мұқтажына арналған жуғыш, тазалағыш заттардың және шаруашылық материалдардың нормалары

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Бір сынып жиынтығына бір тоқсанға арналған норма

Жуғыш және тазалағыш заттар

1

Кір сабын

дана

30

2

Иіс сабыны

дана

15

3

Сұйық иіс сабын

литр

3

4

Кір жуу ұнтағы

қорап

12

5

Қабырғалар мен керамикалық беткі қабаттарға арналған ұнтақ тазалағыш зат

дана

3

6

Ағартқышы бар гель тазалағыш зат

дана

2

7

Еден жууға арналған ұнтақ зат

дана

4

8

Ыдыс жууға арналған гель зат

литр

1,5

9

Әйнек жууға арналған зат

дана

1

10

Қыша ұнтағы (ыдыстың майын кетіру үшін)

кг

1,5

11

Сантехникалық тораптарды тазалауға арналған каустикалық сода

кг

3

12

Гипохлорид (хлорамин)

кг

6

Шаруашылық материалдары

13

Дәретхана қағазы (2 қабатты)

орама

60

14

Қағаз майлықтар (100 дана)

қорап

30

15

Сүртетін мата

метр

6

16

Сорго сыпырғышы

дана

1

17

Ши сыпырғыш

дана

1


 

      Ескерте: Шаруашылық материалдарын пайдалану мерзімі:

      сорго сыпырғышы - 6 ай,

      ши сыпырғышы - 6 ай

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
15-қосымша

 Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте бір мәрте тамақтандыру нормалары

       Ескерту. 15-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Атауы

Мектеп жасындағы бір балаға норма

(6 күнге арналып есептелген бір күндік грамм)

 

6 (7)-10 жас

11-14 жас

15-18 жас

 

1

2

3

4

 

Өнімдер

 

бидай ұны

4

5

7

 

қара бидай-бидай наны

20

35

40

 

қалыпты бидай наны

3

4

5

 

кептірілген нан

2

2,3

3

 

макароны, бұршақ, жарма

26

35

42

 

картоп

42

50

57

 

көкөніс және басқа көкөністер

84

100

118

 

жаңа піскен жеміс

100

100

100

 

жеміс шырыны

33

33

33

 

кептірілген жеміс (құрғақ итмұрын)

1

1

1

 

қант

7

8

9

 

бал

5

5

5

 

ет (сиыр еті)

61

73

80

 

құс еті

28

33

40

 

жаңа ауланған балық

22

26

28

 

сүт, қышқыл сүт өнімдері

106

107

108

 

сүзбе

12

14

16

 

сүзбеше

50

50

50

 

ірімшік

2

3

3

 

сары май

5

6

8

 

жұмыртқа

1

3

3

 

өсімдік майы

11

14

15

 

кисель

4

4

4

 

картоп крахмалы

2

2

2

 

йодталған тұз

1

1,5

2

 

лимон қышқылы

0,2

0,2

0,2

 

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 320 қаулысына
қосымша

           

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

       1. "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 23, 261-құжат).

       2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 3, 41-құжат).

       3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 тамыздағы № 1046 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 371-құжат).

       4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қазандағы № 1050 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 436-құжат).

       5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1032 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 490-құжат).

       6. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 847 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 38, 412-құжат).



 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17948 болып тіркелді

       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

       1) "Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

       2) "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 76 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14956 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ____________________

      2018 жылғы "____" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________________

      2018 жылғы "____" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

       __________________

      2018 жылғы "____" __________

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 598 бұйрығымен бекітілген

 Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті өнім беруші - қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);

      2) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру - білім алушыларға, олардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде тамақтандыруды ұсыну бойынша қызмет көрсету немесе тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу үшін қажетті жағдай жасау;

      3) интернет-ресурс - аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;

      4) конкурсқа қатысуға өтінім - конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, қызметтер көрсету немесе тауарларды жеткізу үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар;

      5) конкурстық комиссия - конкурс өткізу үшін конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

      6) конкурстық құжаттама - әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар;

      7) конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімі - әлеуетті өнім берушімен көрсетілетін қызметтерді көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу мақсатында конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;

      8) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші):

       орта білім беру ұйымдарында - орта білім беру ұйымы, білім беру органы орта білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда немесе "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастырған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша басқа орган;

      мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында - мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы немесе мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, білім беру органы;

      9) көрсетілетін қызметті берушіні таңдау өлшемшарттары - әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;

      10) қаржы жылы - ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;

      11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - мемлекеттік әріптес және жекешелік әріптес арасындағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптары айқындалатын жазбаша келiсiм;

       13) отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау - 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;

      14) әлеуметті өнім берушінің біліктілік талаптары - қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжаттар тізбесі;

      15) орта білім беру ұйымы - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      16) өнім беруші - қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасқан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға;

      17) тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттары - әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізу бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;

      18) тауарларды сатып алу - тапсырыс берушінің тауарларды осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алуы;

      19) тиімді тамақтандыру - тамақтандырудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормалары ескерілген үйлестірілген тағам;

      20) шарт - тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында қызметтерді көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт.

 2-тарау. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібі

 1 - параграф. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тәсілдері

      3. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру:

      1) конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу;

      2) конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандырумен байланысты тауарларды сатып алу;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға және осы Қағидаларға сәйкес білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу арқылы мектеп асханасына жоқ жабдықтарды сатып алу және/немесе тозған жабдықтарды жаңа энергия үнемдейтін жабдықтарға ауыстыру қажет болған жағдайда жүзеге асырылады.

 2 - параграф. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру рәсімі

      4. Конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру көрсетілетін қызметті немесе конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандырумен байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау рәсімі конкурсты ұйымдастырушының келесі бірізді іс-шараларды орындауын көздейді:

      1) конкурстық құжаттаманы бекіту;

      2) әлеуетті өнім берушілерді конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында хабарландыру беру арқылы өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабардар ету;

      3) конкурстық комиссия құрамын қалыптастыру және бекіту;

      4) әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау;

      5) комиссияның көрсетілетін қызметті немесе тауарларды берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін құжаттарды қарауы;

      6) қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу.

      5. Егер көрсетілетін қызметті таңдау бойынша конкурсты ұйымдастырушы білім беру органы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша басқа орган болған жағдайда конкурс білім беру ұйымдары бойынша лоттарға бөле отырып өткізіледі. Тауарларды сатып алу кезінде лоттарға бөле отырып, конкурс өткізуге жол беріледі.

      6. Қызметтерді немесе тауарларды сатып алуды конкурсты ұйымдастырушы қызметтерді немесе тауарларды сатып алудың бекітілген жоспары негізінде жүзеге асырады.

       7. Тиісті бюджет негізінде конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерге немесе тауарларға қажеттілік негізінде қаржы жылына көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар болмаған жағдайда тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарында бюджет қаражаты көрсетілмейді және өтінімді қамтамасыз етуді енгізу, шартты орындау талап етілмейді.

      8. Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында орналастырады.

      9. Қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда жүзеге асырылады.

      Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзгерістер және (немесе) толықтыруларды конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурс ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған білім беруді басқару органының интернет-ресурсында жағдайда және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында орналастырады.

      10. Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушының бұйрығымен құрылады және комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде жеті адамнан тұрады.

      Конкурстық комиссия құрамына келісім бойынша мектептердің қамқоршылық кеңесі, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында басшылықты жүзеге асырып отырған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және ата-аналар жұртшылығының өкілдері енгізіледі.

      11. Конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан көпшілік дауыспен төраға сайланады.

      Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия мүшелерінің бірі орындайды.

      12. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия мүшесі болып табылмайтын комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.

      13. Егер комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, конкурстық комиссияның отырысы заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.

      14. Конкурстық комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санынан оған көп дауыс берген жағдайда шешім қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген комиссия мүшелерінің шешімі қабылданған болып есептеледі.

      15. Комиссия шешімдерін хаттамалар түрінде комиссия хатшысы ресімдейді, оның әрбір парағына қатысып отырған комиссияның мүшелері қолдарын қояды.

      Әлеуетті өнім берушінің немесе оның өкілінің сұранысы бойынша қабылданған шешімге қатысты комиссия отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі беріледі.

       16. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі - Үлгілік конкурстық құжаттама) сәйкес конкурсты ұйымдастырушы:

       1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесін, тауарды берушіні таңдау кезінде Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;

       2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмаларын;

      Көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде өнім берушіні таңдау бойынша техникалық тапсырмаға тегін тамақтандыруға құқығы бар білім алушыларды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір қоса беріледі;

       3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімді;

       4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

       5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызмет берушіні немесе тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарының тізбені;

      6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес үлгілік шартты қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.

      17. Отандық қызметтерді, тауарларды өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) техникалық тапсырмада тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде әлеуетті өнім берушілерге тамақ өнімдерін кемінде 80% (сексен пайыз мөлшерінде) отандық қызметтерді, тауарларды өндірушілерден сатып алу туралы талаптарды қарастырады.

      18. Конкурстық құжаттама конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурс ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында орналастырады және және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде талабы бойынша беріледі.

       Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналына енгізеді.

      19. Адамдарды тіркеу журналы тігіледі, нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

      20. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсты ұйымдастырушының немесе білім басқармасының интернет-ресурсында конкурс ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

      Хабарландыруда конкурсты ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтінім берудің күні және соңғы мерзімі, сондай-ақ конверттерді ашу күні, уақыты мен жері көрсетіледі.

      21. Конкурсқа қатысуға құқықтық қабілеті бар, төлеуге қабілетті болып табылатын және материалдық, еңбек ресурстары бар әлеуетті өнім беруші үміткер болады.

      22. Әлеуетті өнім беруші немесе сенімхат бойынша оның өкілі конкурсты ұйымдастырушының пошталық мекенжайына немесе қолма-қол тігілген және нөмірленген, басшының қолы қойылып, мөрімен (бар болса) бекітілген құжаттар пакетін, оны ұсынудың соңғы мерзімі аяқталуына дейін жолдайды, онда келесі құжаттар қамтылады:

       1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған конкурсқа қатысуға өтінім;

      2) құқық қабілетін және әрекетке қабілеттілігін растайтын құжаттар:

      заңды тұлғалар үшін:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының көшірмесі;

      жеке тұлғалар үшін:

      жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      конкурсқа қатысуға өтінім беруге, қол қоюға, комиссия отырысына қатысуға құқық беретін оның мүдделерін білдіретін адамға сенімхат;

      3) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      4) тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар болған жағдайда конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

       5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес, өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма;

      Қызметті берушіні таңдау кезінде өнім берушіні тандау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырмаға тегін тамақтандыруға құқығы бар білім алушыларды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір қоса береді;

      6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім беруші қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер.

      23. Қатысуға өтінімді және тиісті құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

      Егер конкурс лоттар бойынша бөлінген жағдайда, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға құжаттарды әр лотқа бөлек ұсынады.

      24. Әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушының банк шотына банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан кем емес мөлшерде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

      25. Конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамасы бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас өтінімді тіркеу немесе себебін көрсете отырып, тіркеуден бас тарту күні мен уақыты туралы мәліметтерді енгізуді есепке алып ресімделеді.

      26. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

      27. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің құжаттары бар конверттерді ашуды хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталған күні мен уақытында өткізеді.

      28. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды және әлеуетті өнім берушілердің конверттерін ашуды жүзеге асырады.

      Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.

       29. Конверттерді ашу хаттамасы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды конкурсты ұйымдастырушының немесе білім басқармасының интернет-ресурсында конкурс ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

      30. Өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан өтінімді қарайды. Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар қабылданбайды.

      Әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттардың дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда, комиссия тиісті мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан жазбаша түрде қажетті ақпаратты сұратады.

      31. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты сұраныстарына және өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекетіне жол берілмейді.

      32. Комиссия өтінімдерді ашу кезінде әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың өкілдері өздерінің қалауы бойынша аудиожазба мен бейнетүсірілім жүргізу құқығымен комиссия қызметіне араласпай қатыса алады.

      33. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

       34. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық комиссияның шешімі әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның төрағасының және мүшелерінің қолы қойылған конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді.

      Конкурсқа қатысу туралы рұқсат беру туралы хаттама комиссия отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

      35. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің құжаттамасын қарайды.

      36. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

      37. Конкурстық құжаттама талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

       38. Егер конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім берушілерге рұқсат берілген жағдайда Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8 - қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті берушіні немесе тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттары қолданылады. Бұл жағдайда, барынша көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

      Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

       Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші бірдей балл санын жинаған жағдайда, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес тауарлар берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша қызмет көрсету нарығында неғұрлым көп жұмыс тәжірибесі бар, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес тауарлар берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша тауарлар нарығында неғұрлым көп жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады. Бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

      39. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған адамдарға конкурс қорытындыларын жариялайды.

       40. Конкурс қорытындылары туралы хаттама осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған комиссияның төрағасы және мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және конкурс қорытындылары туралы хаттама қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

      Конкурс қорытындылары туралы хаттама қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға негіз болып табылады.

      41. Конкурс жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім беруші қонкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап және оны конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурс ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде шарттың жалпы сомасынан үш пайыздан кем емес мөлшерде шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізеді.

      Тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар болмаған жағдайда қызметті әлеуетті қызмет беруші шарттың жалпы сомасынан үш пайыздан кем емес мөлшерде шартты жүзеге асыруға қамтамасыз етуді енгізбейді.

      42. Конкурсты ұйымдастырушы өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартты әлеуетті өнім берушіге жолдайды.

      43. Өнім беруші шартты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      44. Егер әлеуетті өнім беруші осы мерзім ішінде шартқа қол қоймаса, ол шартты қол қоюдан жалтарған деп есептеледі.

      45. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.

      46. Осы Қағидалардың 45-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне аударылады.

      47. Шарт бөлінген қаражат шегінде тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалады және шарт мерзімі аяқталғаннан кейін өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда екі реттен көп емес ұзартылады.

      Тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылардың саны өзгерген жағдайда қолданыстағы шартқа қосымша келісім жасалады.

      48. Қызмет берушіні таңдау конкурсында жеңімпаз болып танылған әлеуетті өнім беруші күнтізбелік он бес күн ішінде мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мектеп асханасының бөлмесін және жабдықтарын жалдау жөнінде шарт жасасады.

       49. Көрсетілетін қызметті беруші жалдау шартын алғаннан кейін білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті көрсеткенге дейін "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11626 болып тіркелген) 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.

      50. Шарттық міндеттемелерді орындау процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

      51. Конкурс қорытындыларын шығарғанға дейінгі, бірақ қаржы жылының кемінде үш айдан аспайтын кезеңге қажеттілікке сәйкес білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсетуге немесе тауарларды жеткізуге қажеттілік болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін тиісті өнім берушіні немесе тауарларды берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Аталған шешімді қабылдаған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге немесе тауарларды жеткізуге тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін немесе тауарларды жеткізетін өнім берушіге сұрау жібереді.

      52. Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін немесе тауарларды жеткізетін өнім беруші келіскен жағдайда конкурсты ұйымдастырушының хаты түскен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жарғының (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке басты куәландыратын құжаттың (жеке тұлғалар үшін) көшірмелерін, техникалық тапсырманы және әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді қоса беріп, жауап жолдайды.

      53. Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды берушіден хат алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оған қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартты жібереді.

      54. Өнім беруші шарт жобасын алған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      55. Конкурстық комиссияның хатшысы екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметті беруші немесе тауарларды беруші туралы ақпарат жариялайды.

      56. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) ұсынылған өтінімдер болмаған;

      2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;

      3) конкурс жеңімпазы, егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, конкурсты өткізілмеді деп таниды.

      57. Конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілмеді деп танылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдер беретін соңғы күнге кемінде күнтізбелік он күн қалғанда конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру арқылы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсты қайта өткізу туралы жариялайды.

      Егер конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде, конкурстық комиссия көрсетілетін қызметтерді, тауарларды берушілерді таңдау өлшемшарттары бойынша конкурс жеңімпазынан кейін көп балл жинаған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды және екі күн ішінде оған шартты жолдайды.

      Әлеуетті өнім беруші шартты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған тауарларды жеткізу немесе қызмет көрсету туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

       58. Осы Қағидалардың 55-тармағына сәйкес қайта өткізілген конкурс өткізілмеген болып танылған жағдайда конкурстық комиссияның шешімі бойынша конкурсты ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін немесе тауарларды жеткізетін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

       Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54-тармақтарына ұқсас жүзеге асырылады.

 3 - параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі

      59. Жекеме әріптесті айқындау Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңның 31 - бабына сәйкес белгіленген тәсілдермен жүзеге асырылады.

      60. Әлеуетті жекеме әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңның 34-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

       61. Орта білім беру ұйымдарында білім алатындарды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті алу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес өтінім негізінде жүзеге асырылады.

       Өтінім қабылданбаған жағдайда конкурс осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында көзделген орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібіне сәйкес өткізіледі.

       62. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт жасалғанға дейінгі кезеңге қажеттілікке сәйкес білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету қажеттілігі болған жағдайда орта білім беру ұйымы немесе білім беруді басқару органы, егер орта білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда осы Қағидалардың 51, 52, 53-тармақтарына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы шешім қабылданған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету үшін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін өнім берушіге сұрау жібереді.

       63. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету осы Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфында көзделген орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

 3-параграф. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету тәртібі

       64. Тамақтандыруды ұйымдастыру "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      65. Асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақыты оқу процесі аяқталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталады.

      66. Білім беруді басқару органдары және орта білім беру ұйымдары интернет-ресурста "Мектептік тамақтану" айдарын құрады және білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі түрде орналастыруды қамтамасыз етеді.

      67. Орта білім беру ұйымының басшысы перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күнге ас мәзірін бекітеді және оны асханаға және білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерге орналастырады.

      68. Қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.

      69. Орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі өкілдерінің, білім беру ұйымының медициналық пунктінің медицина қызметкерінің қатысуымен тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады. Комиссияның төрағасы орта білім беру ұйымының басшысы болып табылады.

      70. Комиссияның міндеттеріне келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізу кіреді.

      71. Комиссия жұмысының қорытындылары тоқсан сайын кейін оларды білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастыру үшін ақпарат түрінде ресімделеді.

      72. Білім беруді басқару органдары жанынан қызмет атқаратын тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне жүйелі мониторинг жүргізеді және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.

 3-тарау. Мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу рәсімі

      73. Тауарларды жеткізушіні таңдау рәсімі конкурсты ұйымдастырушының келесі бірізді іс-шараларды орындауын көздейді:

      1) конкурстық құжаттаманы бекіту;

      2) конкурсты ұйымдастырушы конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру беру арқылы өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабардар ету;

      3) конкурстық комиссия құрамын қалыптастыру және бекіту;

      4) әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау;

      5) комиссияның көрсетілетін қызмет берушілерге немесе тауарларды берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін құжаттарды қарауы;

      6) қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу.

      74. Тауарларды сатып алуды конкурсты ұйымдастырушы тауарларды сатып алудың бекітілген жоспары негізінде жүзеге асырады.

      75. Тиісті бюджет негізінде конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларға қажеттілік негізінде қаржы жылына тауарларды сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      76. Тамақтануға арналған шығындардың 100 пайызы ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын мектепке дейінгі ұйымдарда тауарларды сатып алу жоспары қаржы жылының желтоқсан айында бекітіледі.

      77. Конкурсты ұйымдастырушы немесе тамақтану шығындарының 100 пайызы ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын мектепке дейінгі ұйымның басшысы тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында орналастырады.

      78. Тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда жүзеге асырылады.

      Конкурсты ұйымдастырушы немесе тамақтану шығындарының 100 пайызы ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын мектепке дейінгі ұйымның басшысы тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзгерістер және (немесе) толықтыруларды конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында орналастырады.

      79. Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушының бұйрығымен құрылады және комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде жеті адамнан тұрады.

      Конкурстық комиссия құрамына келісім бойынша мектептердің қамқоршылық кеңесі, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында басшылықты жүзеге асырып отырған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және ата-аналар жұртшылығының өкілдері енгізіледі.

      80. Конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан көпшілік дауыспен төраға сайланады.

      Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия мүшелерінің бірі орындайды.

      81. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия мүшесі болып табылмайтын комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.

      82. Егер комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, конкурстық комиссияның отырысы заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.

      83. Конкурстық комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санынан оған көп дауыс берген жағдайда шешім қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген комиссия мүшелерінің шешімі қабылданған болып есептеледі.

      84. Комиссия шешімдерін хаттамалар түрінде комиссия хатшысы ресімдейді, оның әрбір парағына қатысып отырған комиссияның мүшелері қолдарын қояды.

      Әлеуетті өнім берушінің немесе оның өкілінің сұранысы бойынша қабылданған шешімге қатысты комиссия отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі беріледі.

       85. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі - Үлгілік конкурстық құжаттама) сәйкес конкурсты ұйымдастырушы:

       1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;

       2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмаларын;

       3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімді;

       4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

       5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаларға сәйкес тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарын;

       6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Үлгілік шартты қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.

      86. Отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы техникалық тапсырмада тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде әлеуетті өнім берушілерге тамақ өнімдерін кемінде 80% (сексен пайыз мөлшерінде) отандық қызмет көрсетушілерден, тауар өндірушілерден сатып алу туралы талаптарды қарастырады.

      87. Конкурстық құжаттама конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында орналастырады және және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде талабы бойынша беріледі.

       Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналына енгізеді.

      88. Адамдарды тіркеу журналы тігіледі, нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

       89. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

      Хабарландыруда конкурсты ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, кабинет нөмірі, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтінім берудің күні және соңғы мерзімі, сондай-ақ конверттерді ашу күні, уақыты мен жері көрсетіледі.

      90. Конкурсқа қатысуға құқық қабілеті бар, төлеуге қабілетті болып табылатын және материалдық, еңбек ресурстары бар әлеуетті өнім беруші үміткер болады.

      91. Әлеуетті өнім беруші немесе сенімхат бойынша оның өкілі конкурсты ұйымдастырушының пошталық мекенжайына немесе қолма-қол тігілген және нөмірленген, басшының қолы қойылып, мөрімен (бар болса) бекітілген құжаттар пакетін, оны ұсынудың соңғы мерзімі аяқталуына дейін жолдайды, онда келесі құжаттар қамтылады:

       1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған конкурсқа қатысуға өтінім;

      2) құқық қабілетін және әрекетке қабілеттілігін растайтын құжаттар:

      заңды тұлғалар үшін:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының көшірмесі;

      жеке тұлғалар үшін:

      жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      конкурсқа қатысуға өтінім беруге, қол қоюға, комиссия отырысына қатысуға құқық беретін оның мүдделерін білдіретін адамға сенімхат;

      3) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      4) тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар болған жағдайда конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

       5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес, өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма;

       6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім беруші қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер.

      92. Қатысуға өтінімді және тиісті құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

      Егер конкурс лоттар бойынша бөлінген жағдайда, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға құжаттарды әр лотқа бөлек ұсынады.

      93. Әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушының банк шотына банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан кем емес мөлшерде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

      94. Конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамасы бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

       Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас өтінімді тіркеу немесе себебін көрсете отырып, тіркеуден бас тарту күні мен уақыты туралы мәліметтерді енгізуді есепке алып ресімделеді.

      95. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

      96. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің құжаттары бар конверттерді ашуды хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталған күні мен уақытында өткізеді.

      97. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды және әлеуетті өнім берушілердің конверттерін ашуды жүзеге асырады.

      Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.

       98. Конверттерді ашу хаттамасы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

      99. Өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан өтінімді қарайды. Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар қабылданбайды.

      Әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттардың дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда, комиссия тиісті мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан жазбаша түрде қажетті ақпаратты сұратады.

      100. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты сұраныстарына және өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекетіне жол берілмейді.

      101. Комиссия өтінімдерді ашу кезінде әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың өкілдері өздерінің қалауы бойынша аудиожазба мен бейнетүсірілім жүргізу құқығымен комиссия қызметіне араласпай қатыса алады.

      102. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

       103. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық комиссияның шешімі әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның төрағасының және мүшелерінің қолы қойылған конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді.

      Конкурсқа қатысу туралы рұқсат беру туралы хаттама комиссия отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

      104. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің құжаттамасын қарайды.

      105. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

      106. Конкурстық құжаттама талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

      107. Егер конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім берушілерге рұқсат берілген жағдайда Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттары қолданылады. Бұл жағдайда, барынша көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

      Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

       Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші бірдей балл санын жинаған жағдайда, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес тауарлар берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша тауарлар нарығында неғұрлым көп жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады. Бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

      108. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған адамдарға конкурс қорытындыларын жариялайды.

       109. Конкурс қорытындылары туралы хаттама осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған комиссияның төрағасы және мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және конкурс қорытындылары туралы хаттама қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

      Конкурс қорытындылары туралы хаттама қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға негіз болып табылады.

      110. Конкурс жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім беруші қонкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап және оны конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем емес мөлшерде шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізеді.

      111. Конкурсты ұйымдастырушы өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартты әлеуетті өнім берушіге жолдайды.

      112. Өнім беруші шартты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      113. Егер әлеуетті өнім беруші осы мерзім ішінде шартқа қол қоймаса, ол шартты қол қоюдан жалтарған деп есептеледі.

      114. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген тауарларды жеткізу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.

      115. Осы Қағидалардың 113-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне аударылады.

      116. Шарт бөлінген қаражат шегінде тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалады және шарт мерзімі аяқталғаннан кейін өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда екі реттен көп емес ұзартылады.

      Шарт бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

      117. Шарттық міндеттемелерді орындау процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

      118. Конкурс қорытындыларын шығарғанға дейінгі, бірақ қаржы жылының кемінде үш айдан аспайтын кезеңге тауарларды жеткізуге қажеттілік болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Аталған шешімді қабылдаған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы тауарларды жеткізетін өнім берушіге сұрау жібереді.

      119. Тауарларды жеткізетін өнім беруші келіскен жағдайда конкурсты ұйымдастырушының хаты түскен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жарғының (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, жеке басты куәландыратын құжаттың (жеке тұлғалар үшін) көшірмелерін, техникалық тапсырманы және әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерін қоса беріп, жауап жолдайды.

      120. Конкурсты ұйымдастырушы тауарларды берушіден хат алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оған қол қойылған тауарларды жеткізу туралы шартты жібереді.

      121. Өнім беруші шарт жобасын алған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қол қойылған тауарларды жеткізу туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

      122. Конкурстық комиссияның хатшысы екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында тауарларды жеткізуші туралы ақпарат жариялайды.

      123. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) ұсынылған өтінімдер болмаған;

      2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;

      3) конкурс жеңімпазы, егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, конкурсты өткізілмеді деп таниды.

      124. Конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілмеді деп танылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдер беретін соңғы күнге кемінде күнтізбелік он күн қалғанда конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру арқылы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсты қайта өткізу туралы жариялайды.

      Егер конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде, конкурстық комиссия тауарларды берушілерді таңдау өлшемшарттарына сәйкес конкурс жеңімпазынан кейін көп балл жинаған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды және екі күн ішінде оған шартты жолдайды.

      Әлеуетті өнім беруші шартты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған тауарларды жеткізу туралы шартты конкурс ұйымдастырушысына қайтарады.

      125. Осы Қағидалардың 122-тармағына сәйкес қайта өткізілген конкурс өткізілмеген болып танылған жағдайда конкурстық комиссияның шешімі бойынша конкурсты ұйымдастырушы тауарларды жеткізетін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

       Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 118, 119, 120, 121-тармақтарын ұқсас жүзеге асырылады.

      126. Тамақтану шығындарының 100 пайызы ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын мектепке дейінгі ұйымдарда тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды жеткізушімен тауарларды жеткізу шартын тікелей жасасу жолымен жүзеге асырылады. Шартқа қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мектепке дейінгі ұйымның басшысы мектепке дейінгі ұйымның немесе мектепке дейінгі ұйымда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында тауарларды жеткізуші туралы ақпаратты орналастырады.

      127. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру,
сондай-ақ мектепке дейінгі
ұйымдарда, жетім балалар
мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етумен байланысты тауарларды
сатып алу қағидаларына
1-қосымша

      нысан

 

Бекітемін:
____________________________
(Тапсырыс берушінің толық
атауын және оның лауазымды
адамының тегін, атын, әкесінің
атын (бар болса) көрсету)

 Көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспары

      Тапсырыс берушінің БСН-і __________________________________________________

      Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде) __________________________________

      Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде) ______________________________________

      Жылы ____________________________________________________________________


п/п

Сатып алу мәнінің түрі

Сатып алынатын қызметтердің немесе тауарлардың мемлекеттік тілдегі атауы

Сатып алынатын қызметтердің немесе тауарлардың орыс тіліндегі атауы

Көрсетілетін қызметтердің немесе тауарлардың, мемлекеттік тілдегі сипаттамасы (сипаты)

Көрсетілетін қызметтердің немесе тауарлардың орыс тіліндегі сипаттамасы (сипаты)

1

2

3

4

5

6

       кестенің жалғасы

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Бір бірлігі үшін баға, теңге

Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге

Қызметтерді көрсету немесе тауарды жеткізу мерзімі

Қызметтерді көрсету немесе тауарды жеткізудің орны

Аванстық төлемнің мөлшері, %

 

7

8

9

10

11

12

13

 

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру,
сондай-ақ мектепке дейінгі
ұйымдарда, жетім балалар
мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етумен байланысты тауарларды
сатып алу қағидаларына
2-қосымша

                 

      нысан

 Жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама

      _____________________________________________________________________

      (конкурс атауын көрсету)

      Конкурсты ұйымдастырушы _________________________________________________ (тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан жерін, БСН, банктік деректемелерін, байланыс телефондарын, электрондық және почта мекенжайын көрсету)

      1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс өнім берушіні таңдау мақсатында өткізіледі (көрсетілетін қызметтер немесе тауарлар атауын көрсету).

      2. Көрсетілетін қызметті немесе тауарды сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома ____ теңгені құрайды (көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды) лоттарға бөлген жағдайда, әрбір лот үшін сома жеке көрсетіледі).

      3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:

      1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін, тауарды берушіні таңдау кезінде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;

      2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті (оқушыларды тиімді тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалы мәзір қоса беріле отырып) немесе тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмалары;

      3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

      4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

      5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес таңдау өлшемшарттарын;

      6) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес үлгілік шартты қамтиды.

      4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысуға өтінімімен қоса көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызынан кем емес мөлшерде конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің қамтамасыз етуін төменде аталған нысандардың біреуімен енгізеді:

      1) мынадай банк шотында ________ орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы (тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының банк шотының толық деректемелері көрсетілсін);

      2) банктік кепілдік.

      Қағидалардың 22 (90)-тармағына сәйкес құжаттар пакетін әлеуетті өнім беруші немесе оның сенімхат бойынша өкілі ________ мерзімге дейін конкурсты ұйымдастырушының ____________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы және мекенжайын көрсету) мекенжайында орналасқан пошталық мекенжайына жібереді немесе комиссияның хатшысына (кабинет №___) қолма-қол береді.

      Құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

      Конкурсты ұйымдастырушы белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға
1-қосымша

      нысан

 Көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесі

       ________________________________________________________________ бойынша конкурс

      (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету)

Конкурсты ұйымдастырушының атауы

Білім беру ұйымындағы көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы саны

Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру мен қамтамасыз етілетін білім алушылар

Қызметті көрсету мерзімдері

Қызметті көрсету орны

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома

1

2

3

4

5

6

7

      Күні

      Басшының қолы ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға
2-қосымша

      нысан

 Сатып алынатын тауарлардың тізбесі

      __________________________________________________ сатып алу бойынша конкурс

      (толық атауын көрсету)

Лот

Тапсырыс берушінің атауы

Тауарлардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

1

2

3

4

5


 


 

(Тауарлардың сипаттамалары техникалық тапсырмада көрсетілетін жағдайда бұл бағанда тауардың қысқаша атауы және әрбір ұстаным бойынша техникалық тапсырманың нақты бөліміне сілтеме көрсетіледі)


 


 

      кестенің жалғасы

Жеткізу шарттары

Тауарларды жеткізу мерзімі

Тауарларды жеткізу орны

Аванстық төлем мөлшері, %

Сатып алу үшін бөлінген сома (№ лот бойынша), теңге

6

7

8

9

10

      * Тауарлардың толық сипаты мен сипаттамасы техникалық тапсырмада көрсетіледі.

Конкурсты ұйымдастырушы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ___________________________
/____________ /________________
Күні _________________________
М.О.

Тапсырыс беруші басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
________________________________
/____________ /_________________
Күні ___________________________
М.О.

 

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға
3-қосымша

       

 Жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма

      Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету. Осы техникалық тапсырмада _____ (орта білім беру ұйымының атауын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтің сәйкес келуі тиіс сандық және сапалық сипаттамалар беріледі.

      _____ білім алушыға (санын көрсету), оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен _____ теңге сомасында (сомасын көрсету), оның ішінде ҚҚС (ҚҚС сомасын санмен және жазумен көрсету)/ ҚҚС қоспағанда _____ білім алушыға (санын көрсету) тамақтандыру ұсынылады.

      ______________(білім беру ұйымының атауын көрсету) оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттар мен міндеттер жас ерекшелігі бойынша тағамдық заттар мен қуатына физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес оқушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету болып табылады.

      Білім алушыларды тамақтандыру ____________ (білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру орны, асхана және (немесе) буфет) жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші ас әзірлейтін бөліктің және оның қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ тамақ дайындау технологиясына, азық-түліктерді салудың, порциялардың шығу нормасының сақталуына, білім алушыларға өнімдер мен тағамдардың берілуіне және жеткізілетін азық-түліктердің сапасына, оны сақтау және тарату қағидаларының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызмет беруші ас әзірлейтін бөлікте, өндірістік және қойма бөлмелерінде санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қағидаларды сақтауды қамтамасыз етеді.

      Өнім беруші білім беру ұйымының Санитариялық қағидалармен бекітілген нысан бойнша дайын өнімнің сапасына (бракераж) бақылау журналын жүргізуге жағдайды қамтамасыз етеді.

      Тағамдардың, тамақ өнімдерінің және аспаздық бұйымдардың тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық ерекшеліктері, технологиясы және дайындау жағдайлары балаларға арналған тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес болуы тиіс.

      _______________ (білім беру ұйымының атауын көрсету) асханасына және (немесе) буфетіне тағамдарды мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан жеткізілген жағдайда тиісті температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) қолданылады.

      __________ (басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) директоры бекіткен білім алушыларды тамақтандырудың белгіленген тәртібіне сәйкес бірінші ауысым үшін білім алушыларға _______ (уақытын және үзілісті көрсету), екінші ауысым үшін _______ (уақытын және үзілісті көрсету) ыстық тамақ ұсынылады.

      Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес буфет өнімдерін тарату үшін жағдайлар жасалады.

      Дайын аспаздық өнімдер мен тамақ өнімдерін тарату сағат ______ (асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақытын көрсету) жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызмет беруші ай сайын _____________ (орта білім беру ұйымы басшысының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәлімет ұсынады.

      Әлеуетті өнім беруші шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес бекітеді.

      Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес, ерекше жағдайларда бір өнімді, тағамды және аспаздық бұйымдарды басқаларымен ауыстыруға жол беріледі.

      Жекелеген оқушыларға жеңіл (емдәм) тамақтандыру ұйымдастырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші тағамды дайындау технологиясын және дайын тағамдарды каллориялығына сәйкестігін сақтау үшін ас әзірлейтін бөліктерде бірыңғай тағамды дайындау картотекасының бар болуын қамтамасыз етеді.

      Тағамдар картотекасын пайдалану арқылы тамақты дайындау жүзеге асырылады, онда өнімдердің таратылуы, тағамдардың түсімі, әр тағамның құрамы туралы және оның тағамдық құндылығы (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің болуы) және әр тағамның (аспаздық бұйымның) энергетикалық құндылығы (калориялығы) мен әр тамақты қабылдау жиынтығы туралы толық ақпарат көрсетіледі.

      Асхананың ас әзірлейтін бөлігінде тағамдарды және аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды өндіріс меңгерушісі қамтамасыз етеді.

      Ас әзірлейтін бөлікте санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес қажетті құжаттама болуы тиіс (шикі өнімдердің, дайын тамақтың бракераж журналдарын, ас блогы жұмыскерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналдарын, тамақты витаминдеуді жүргізу журналдарын, мәзірді, тағамдарды дайындаудың технологиялық карталарын, тамақ өнімдеріне кіріс құжаттарын, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттарын (жөнелтпе құжаттар, сәйкестік сертификаттары, сапа куәлігі, ветеринариялық-санитариялық сараптама құжаттар, ұсыныс-пікірлерге арналған кітап және тағы басқалары) атап көрсету) атап көрсету).

      Өнім берушіде ас әзірлейтін бөліктің әр қызметкеріне жұмысқа рұқсатымен медициналық кітапшалары бар.

      Өнім беруші бар технологиялық, тоңазытқыш және санитариялық-техникалық жабдықтардың жөнділігін және уақытылы мемлекеттік тексерілуін (өлшем құралдары үшін) қамтамасыз етеді.

      Отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) отандық қызмет көрсетушілерден, тауар өндірушілерден сатып алады.

      Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтің әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер:

      1) 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптасатын мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса;

      2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;

      4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды.

      Тауарларды жеткізу. Техникалық тапсырмада жеткізілетін тауарларға сәйкес болуы тиіс сатып алынатын тауарлардың толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі, кепілдік мерзімі, шығару орны көрсетіледі.

      Тауарларға берілетін техникалық тапсырмада функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын сипаттау функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, үздік сипаттаманы айқындау мақсатында тауардың мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.

      Сатып алынатын өнімдер тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) тауар өндірушілерден сатып алады.

      Тауарлардың әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер:

      1) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптасатын мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса;

      2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;

      4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды.

      Күні

      Конкурсты ұйымдастырушының (конкурстық

      құжаттаманы бекіту кезінде) немесе

      қызметтерді немесе тауарларды әлеуетті өнім

      беруші (конкурсқа қатысу үшін конкурстық

      өтінішті ұсыну кезінде) қолы_______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға
4-қосымша

      нысан

 Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшін)

      Кімге ___________________________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының атауы)

      Кімнен _________________________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почта мекенжайы және байланыс телефондары


 

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы


 

Заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


 

Заңды тұлға "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма


 

Заңды тұлғаның басшысында және (немесе) аталған заңды тұлғаның өкілінде өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болатын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары бар ма не олар өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады ма


 

Заңды тұлғаның резиденттігі


 

      2.________________________________________________________________________

                                          (заңды тұлғаның толық атауы)

      осы өтініммен _____________________________________________________________

                                          (конкурстың толық атауы)

       конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада

       көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (қажетін көрсету керек)

      қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді.

      3.________________________________________________________________________

       (заңды тұлғаның толық атауы)

      осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.

      4.________________________________________________________________________

                                    (заңды тұлғаның толық атауы)

       конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және конкурстық

       комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, сапалық және

       ______________________________ көрсетілетін қызметтердің (қажетін көрсету керек)

       өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі,

       сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де

       шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

      ________________________________________________________________________________

       (заңды тұлғаның толық атауы)

      осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

      5. Осы конкурстық өтінім 45 күн ішінде қолданылады.

      6. ________________________________________________________________________

       (заңды тұлғаның толық атауы)

       жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың

      жалпы сомасының кемінде үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз.

      7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

      Күні Басшының қолы _______________________________________________________

      (тегін, атын, әкесінің лауазымын көрсету)

      М.О.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға
5-қосымша

      нысан

 Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлға үшін)

      Кімге ___________________________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының атауы)

      Кімнен__________________________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің толық атауы)

      1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


 

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (№, кім берген)


 

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекенжайы


 

Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс мәніне сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі


 

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы


 

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, почта мекенжайы мен электрондық почта мекенжайы (болған жағдайда)


 

Жеке тұлға "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма


 

Жеке тұлғада және (немесе) аталған жеке тұлғаның өкілінде өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болатын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары бар ма не олар өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады ма


 

Жеке тұлғаның резиденттігі


 

      2. ________________________________________________________________________

       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі)

       осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші

       ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен

       шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім

      білдіреді.

      3. ________________________________________________________________________

       (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.

      4. ________________________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

       конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің

       құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс

       емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының

       қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар

       етілгендігін растайды.

      ________________________________________________________________________________

       (әлеуетті өнім берушінің атауы) осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін

       құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті

      қабылдайды.

      5. Осы конкурстық өтінім 45 күн ішінде қолданылады.

      6.________________________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

       конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын қамтамасыз

       етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер

       де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса

      көрсетіледі).

      7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

       Күні Басшының қолы _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға
6-қосымша

      нысан

 Әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)

      1. Әлеуетті өнім берушінің атауы _____________________________________________

      2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды

      ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету үшін __________________________________

       (атауын, әлеуетті өнім берушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету)

      әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар.

       Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын құжаттарының

       көшірмелері қоса берілген ____ аспазшы, ____ технолог, ____ диетолог және _____ басқа

      қызметкерлерді құрайды:

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Білімі (арнайы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары) және мамандығы (диплом №)

Білімі (қысқа мерзімді курстар) және біліктілігі (куәлік №)

Атқаратын жұмысы

Мамандығы бойынша еңбек өтілі

Біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Жұмыс істеуге рұқсат берілгендігі туралы мәліметтер (рұқсат беру туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)

1

2

3

4

5

6

7

Барлығы


 


 


 


 


 


 

      3. Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып,

      ________________________________ соңғы бес жыл ішінде конкурста

      (әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету)

      бұған дейін қоғамдық тамақтану саласында көрсетілген қызмет көлемі

Көрсетiлген қызметтердiң атауы

Тапсырыс берушiлердiң атауы

Қызметтерді көрсету орны және жылы

1

2

3

       4. Әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету үшін ресурстардың бар екені туралы қосымша

      мәліметтерді көрсетеді.

      Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.

      Күні

      Басшының қолы ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

 Әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер  (әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)

      1. Әлеуетті өнім берушінің атауы _____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

       2. Конкурста сатып алынатын, әлеуетті өнім берушінің бұған дейін жеткізген

      (шығарған) осындай тауарлардың көлемі (болған кезде), теңгемен

      ________________________________________________________________________________

Тауардың атауы

Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері

Тауарды жеткізу орны және күні

Шарттың құны, теңге (әлеуетті өнім берушінің қарауы бойынша)

1

2

3

4

       3. Ұсынымдар туралы мәліметтер, олар болған кезде. Басқа заңды және (немесе) жеке

      тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін тізбелеп көрсету және қоса беру қажет.

      ________________________________________________________________________________

      Барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын.

      Қолы_________________________

      Күні

      Басшының қолы ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға
7-қосымша

 Көрсетілетін қызмет берушіні таңдау өлшемшарттары

Өлшемшарттар

Балдар

1

Қызмет нарығында жұмыс тәжірибесі (10 балдан артық емес)

Қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі - әр жылға 0,5 балдан

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі - әр жылға 1 балдан

2.

Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификатының бар болуы

Жоқ
(0 балл)

Бар
(1 балл)

3.

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын менеджмент сапасы жүйесі сертификатының бар болуы

Жоқ
(0 балл)

Бар
(1 балл)

4.

Аспазшылардың біліктілігі (10 балдан аспайды)

Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 3 разряд (1 балл)

Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 4 разряд (2 балл)

Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 5 разряд және (немесе) жоғары білім (3 балл)

5.

Технологтың (қоғамдық тамақтану саласында), диетологтың болуы (2 балдан аспайды)

Жоқ
(0 балл)

Бір маман ғана бар
(1 балл)

Бар
(2 балл)

6.

Технолог біліктілігі бар өндіріс меңгерушісінің болуы (қоғамдық тамақтану саласында), (1 балдан аспайды)

Жоқ
(0 балл)

Бар
(1 балл)

7.

Конкурс ұйымдастырушысының техникалық тапсырмаға тіркеген перспективтік ас мәзіріне Санитариялық қағидаларға сәйкес шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесінің болуы

10-нан кем ас атауы
(1 балл)

10-нан 30-ға дейін ас атауы
(2 балл)

30-дан 50-ге дейін ас атауы
(3 балл)

8.

100% қызметкерде жұмысқа рұқсаты бар болуы (1 балдан аспайды)

Бір қызметкерде жоқ
(0 балл)

Барлық қызметкерде бар
(1 балл)

9.

Отандық өндірушілерден сатып алынатын тамақ өнімдерінің көлемі (3 балдан аспайды)

85-тен 90 %-ға өнімдер
(2 балл)

90-нан 100%-ға дейін өнімдер
(3 балл)

10.

Мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру барысында пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа немесе фермерлік қожалығы, жылыжай және басқалары) (2 балдан аспайды)

Жоқ
(0 балл)

Бар
(2 балл)

11.

Тамақты дайындаудың технологиялық картасының болуы (1 балдан аспайды)

Қолданылмайды
(0 балл)

Қолданылады
(1 балл)

12.

Ұсынылатын қызметтің тиісті сапасын қамтамасыз ететін тағамдарды дайындау кезінде жеке қуат үнемдеуші жабдықтарды пайдалану (2 балдан аспайды)

Жоқ
(0 балл)

Ішінара
(1 балл)

Толық көлемде бар
(2 балл)

13.

Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша аспазшылардың біліктілігін көтеру туралы сертификаттың болуы (1 балдан аспайды)

Жоқ
(0 балл)

Бар
(1 балл)

14.

Өндірістік бақылау жоспарының болуы (1 балдан аспайды)

Жоқ
(0 балл)

Бар
(1 балл)

15.

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсеткен білім беру ұйымдары ата-аналар комитеті төрағаларының қолы, мектептер директорларының қолы қойылған және мөрімен бекітілген көрсетілетін қызмет берушіге ата-аналар тарапынан берілген сипаттамалардың болуы (3 балдан аспайды)

Жоқ
(0 балл)

Бар
(әр сипаттамаға 1 балдан, бірақ 3 балдан аспайды)

16.

Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуы

Жоқ
(0 балл)

Тіркелген
(3 балл)

      Ескертпе: 1-тармақ бойынша білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесінің бар болуы бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 4-тармақта әр маманға балдар қойылады, 10-тармақ бойынша балдарды қою үшін алдағы жылы өндірілген азық-түлікті алуға жасасқан шарттар туралы мәліметтер қолданылады, 14-тармақ бойынша жабдықтарға құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну қажет (жабдық паспорты, төлем құжаттары және басқасы)

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға
8-қосымша

 Тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттары

Өлшемшарттар

Балдар

1.

Конкурстың мәні болып табылатын тауар нарығындағы жұмыс тәжірибесі

Әр жылға 1 балдан, бірақ 10 балдан аспайды

2.

Отандық тауар өндірушілер үшін тауарларды ерікті түрде сертификаттау туралы құжаттың бар болуы

Жоқ
(0 балл)

Бар
(1 балл)

3.

Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) бар болуы

Жоқ
(0 балл)

Бар
(1 балл)

4.

Ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың бар болуы

Жоқ
(0 балл)

Бар
(1 балл)

5.

Отандық өндірушілерден сатып алынатын тамақ өнімдерінің көлемі (3 балдан аспайды)

85-90%-ға дейін өнімдер
(2 балл)

90-ден 100%-ға дейін өнімдер
(3 балл)

6.

Мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру барысында пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа немесе фермерлік қожалығы, жылыжай және басқалары) (2 балдан аспайды)

Жоқ
(0 балл)

Бар
(2 балл)

7.

Азық-түлікті арнайы көлікпен жеткізу шарттары (3 балдан аспайды)

Жалдап алу, өтеусіз пайдалану, лизинг және басқа шарттар негізінде көліктің болуы
(2 балл)

Жеке көлігінің болуы
(3 балл)

8.

Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуы

Жоқ
(0 балл)

Бар
(3 балл)

      Ескерту: 1-тармақ бойынша тәжірибе бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 5-тармақ бойынша балл қою үшін алдыңғы жылы өндірілген өнімдерді сатып алу туралы жасасқан шарттардың деректері қолданылады.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға
9-қосымша

 Үлгілік шарт

      ______________________ "___" ____________ _______ ж.

      (өткізілетін орын)

      ___________________________ бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету) _____________ (басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________, (жеткізушінің толық атауы - конкурстың жеңімпазы) бұдан әрі Жеткізуші деп аталатын, ___________, екінші тараптан_____ _ _ _ _ _ _ негізінде әрекет ететін (жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік, жарғы және басқалар) басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттама негізінде "___"____20___ жылы қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

      1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге (сомасын цифрлармен және жазумен көрсетуі) мөлшеріндегі сомаға, оның ішінде ҚҚС (ҚҚС сомасын цифрлармен және жазумен көрсету)/ҚҚС қоспағанда (бұдан әрі - Шарттың бағасы) білім беру ұйымында білім алушыларды, оның ішінде білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуді немесе тауарларды жеткізуді міндетіне алады.

      2. Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

      1) "Дүлей күш (форс-мажор)" - төтенше және тойтаруға болмайтын оқиғалар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және басқалары). Мундай оқиғаларға атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың рынокта болмауы жатпайды;

      2) "Көрсетілетін қызмет" - өндіріс процесі және тауарлар мен аспаздық өнімдерді өндіруді қосқанда орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұсыну;

      3) "Тапсырыс беруші" - орган немесе орта білім беру ұйымы;

      4) "Тауар" - орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауар;

      5) "Өнім беруші" - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін тұлға;

      6) "Шарт" - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

      7) "Шарттың бағасы" Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді.

      Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда, егер ол дүлей күш нәтижесі болып табылса, жауапкершілік артпайды.

      3. Төменде көрсетілген құжаттар мен оларда айтылған жағдайлар, осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) техникалық тапсырма;

      3) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

      4. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi (банктік кепілдеме, кепілдік ақшалай жарна төлеу) Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағиадаларында көзделген жағдайларда енгiзеді.

      5. Өнім берушінің үшінші тұлғалардың тұтастай не Шартты қамтамасыз етуді орындау құқығының, оның ішінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді пайдалануына жол берілмейді.

      6. Шарт бөлінген қаражат шегінде тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалады және шарт мерзімі аяқталғаннан кейін өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда екі реттен көп емес ұзартылады.

      7. Өнім беруші қызметті көрсетуді немесе тауарды жеткізуді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық тапсырмаға сәйкес білім беру ұйымдарында жекелеген санаттағы _____ санда (балалар санын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарды қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.

      Ақы төлеу нысаны _______ (аударым, қолма-қол есеп айырысу)

      8. Төлеу мерзімі _____________________________________________

      9. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар: _____________________

      (шот-фактура немесе қабылдау-табыстау актiсi)

      10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген құжаттаманы немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

      11. Өнім берушінің орта білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды алуға құқығы бар білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметке немесе тауарды жеткізуге ақы төлеуді көрсетілетін қызметті іс жүзінде орындау нәтижелері бойынша осы Шарттың ____ тармағында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізіледі.

      12. Бір мәрте мектептік тамақтандырудың құны _____ теңгені құрайды.

      13. Өнім беруші қызмет көрсетуді немесе тауарды жеткізуді Шартта белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырады.

      14. Өнім беруші тарапынан қызметті орындауды кешіктіру Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап, қызметті уақытылы орындамағаны немесе заңнамада қарастырылған басқа шаралар үшін тұрақсыздық айыбын төлетіп, Тапсырыс берушінің Шартты бұзуына негіз болып табылады.

      15. Егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде қызметтерді көрсетпесе, Тапсырыс беруші шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

      16. Шарт талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:

      1) егер Жеткізуші Шартта көзделген мерзімдерде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде қызметтің бір бөлігін көрсетпесе немесе тауардың бір бөлігін ұсынбаса немесе барлық қызметті немесе барлық тауарды ұсынбаса;

      2) егер Жеткізуші Шарт бойынша өзінің қандай да бір міндеттемелерін орындамаса, оның ішінде конкурс кезінде көрсетілген ас блогы қызметкерлерінің сандық және сапалық құрамы сәйкес келмеген кезде осы Шартты бұзады.

      17. Дүлей күш жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге бір жұмыс күн ішінде мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және дүлей күшке байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздеуді жүргізеді.

      18. Өнім беруші, осы Шарттың 17-тармағының талаптарын орындаған кезде егер Шартты орындауды кешіктіру дүлей күш нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуінен айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.

      19. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші төлеуге қабілетсіз болса немесе Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енсе, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу залал келтірмесе немесе іс-әрекеттерді жасауға қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе соңынан қойылатын санкцияларды қолданатын жағдайда Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

      20. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күні көрсетіледі.

      21. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім берушіге Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күні іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы төленеді.

      22. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсайды.

      23. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешеді.

      24. Шарт мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады.

      25. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама, кейін түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат немесе факс түрінде жіберіледі.

      26. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе), бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты күшіне енеді.

      27. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

      28. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

      29. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркеуден өткізгеннен кейін күшіне енеді.

      Білім беру ұйымдарында тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар жоқ болған жағдайда әлеуетті өнім беруші шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем емес мөлшерде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді.

      30. Осы Үлгілік шарт орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетуді немесе тауарларды сатып алуды Тапсырыс беруші жүзеге асыру процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

      Шартқа өзгерістер енгізуге мынадай жағдайда рұқсат беріледі:

      1) тапсырыс берушінің мәзірді жақсартуы (тамақтану рацион ұлғайту) және өнім берушіні таңдауға негіз болған сапа өзгермейтін жағдайда және басқа да жағдайларда тараптардың өзара келісімі бойынша тиісінше соманы көбейту;

      2) тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар санының өзгеруі.

      Осы шартқа енгізілетін басқа да өзгерістер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамаларына, Өнім берушінің конкурстық құжаттамасына және конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс.

      31. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

Тапсырыс беруші ______________________________
(толық атауы)

Өнім беруші ____________________________
(толық атауы)

______________________________
(мекен-жайы)

______________________________
(мекен-жайы)

_________________________________
(телефоны, факс)

_________________________________
(телефоны, факс)

________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_______________________________
(қолы)

_______________________________
(қолы)

"___"_____________________ ____ж.
МП

"___"_____________________ ____ж.
МП

      Аумақтық қазынашылық органында тіркеу күні ____________________.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру,
сондай-ақ мектепке
дейінгі ұйымдарда, жетім
балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етумен байланысты тауарларды
сатып алу қағидаларына
3-қосымша

      нысан

 Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналы


р/с

Конкурсты өткізудің атауы

Конкурсты өткізу мерзімі

Әлеуетті өнім берушінің немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН/БСН

1

2

3

4

5

      кестенің жалғасы

Жеке басты куәландыратын құжат нөмірі (кім берді және берілген күні)

Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер

Орналасқан жері және байланыс телефондары

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған уақыты және күні

 

6

7

8

9

 

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру,
сондай-ақ мектепке
дейінгі ұйымдарда, жетім
балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етумен байланысты тауарларды
сатып алу қағидаларына
4-қосымша

           

      нысан

 Конкурс туралы хабарландыру

      ________________________________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының атауы, пошталық және электрондық мекенжайлары)

       Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру,

       сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз

       қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын

       балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты көрсетілетін қызметтерді немесе

       тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды

      ________________________________________________________________________________

      (сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің немесе тауарлардың атауы)

      Қызмет: __________________________________________________________________

       (қызмет көрсету орны және оның көлемі, көрсетілетін қызметті алушылар санаттарының

      толық тізбесі және оның саны, қызмет көрсетуге бөлінген сома көрсетіледі) көрсетілуі тиіс.

      Қызметті көрсету мерзімі ____________________________________________________

       Немесе:

      Тауар _____________________________________________________________________

       (тауарларды жеткізудің орны, сатып алынатын тауарлардың тізбесі, тауарларды сатып

       алуға бөлінген сома көрсетіледі)

       Тауарларды жеткізудің талап етілетін мерзімі _________________.

       Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім

       берушілер конкурсқа жіберіледі.

       Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын __________ жылғы

       "___" ___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: _______,

      бөлме № __ сағат ____-дан ____-ге дейін және/немесе __________________________________

       интернет-ресурсынан алуға болады.

       Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім

      берушілер _______________________________________________________________________

       (конкурсты ұйымдастырушының атауын көрсету керек) мына мекенжай бойынша

       _______________________________________ жібереді.

       (толық мекенжайы, бөлменің № көрсету керек)

       Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі (уақыты мен күнін көрсету керек) дейін.

       Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер _______ (уақыты мен күні көрсетілсін)

       мына мекенжай бойынша ___________________ (толық мекенжайы, бөлменің №, уақыты мен

       күні көрсетілсін) ашылады.

       Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:

      ________________________ (телефон нөмірін көрсету керек).

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру,
сондай-ақ мектепке
дейінгі ұйымдарда, жетім
балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етумен байланысты тауарларды
сатып алу қағидаларына
5-қосымша

      нысан

 Конверттерді ашу хаттамасы

       ______________________ _____________________

      (өткізілетін орын) (уақыты мен күні)

      Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: (конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні, уақыты мен орны көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.

      Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім берушілерге берілді: (конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы).

      Мынадай әлеуетті өнім берушілердің _______________________

      конкурсқа қатысуға өтінімдері (конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы көрсетіледі) __________________________ негізінде ашылмай қайтарылды.

      (ашылмау себебі көрсетілсін)

      Белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімді ұсынған мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:_____________________________

      (конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінімді беру уақыты) ашылды және конкурстық өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушы және комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат берген адамдарға жарияланған __________________________________

      (конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар немесе жоқтығы туралы ақпарат және конкурстық өтінімдер ашылған кезде жарияланған басқа ақпарат) қамтиды.

      Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты (олар қатысқан жағдайда):

      __________________________________________________________________

      (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы)

      Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдары.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру,
сондай-ақ мектепке
дейінгі ұйымдарда, жетім
балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етумен байланысты тауарларды
сатып алу қағидаларына
6-қосымша

      нысан

 Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама

       ______________________ _____________________

       (өткізілетін орын) (уақыты мен күні)

      ________________________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:

      ________________________________________________________________________________

      (конкурстық комиссияның құрамын көрсету)

      ___________________________ (күнін көрсету) ___________________ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді немесе тауарларды берушіні таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарады.

      2. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің: ________________________________________________________________________________

      (конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінім берген уақыты, өтінім қамтитын құжаттар тізбесі, конкурстық құжаттамада көзделген қандай да бір құжаттың болуы болмауы туралы ақпарат, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтару және өзгерту туралы және басқа ақпарат көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдері конкурстық комиссия отырысының барлық қатысушыларына жарияланды.

      3. Конкурсқа қатысуға арналған мынадай конкурстық өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілмейді: ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндігінің себебін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі).

      4. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдері _________________________.

      (барлық әлеуетті өнім берушілердің тізбесі көрсетіледі)

      5. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:

       1) мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілсін:

      ________________________________________________________.

      (конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету)

       2) мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмесін:

      ______________________________________________________.

      (конкурсқа қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін және жіберілмеу себебін көрсету)

      3) Конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттамаларын қарау орны, күні, уақыты _______________ белгіленсін.

      Осы шешімге дауыс бергендер:

      Жақтаушы дауыс (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      Қарсы дауыс __________ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

      Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелері мен хатшысының қолдары.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру,
сондай-ақ мектепке
дейінгі ұйымдарда, жетім
балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етумен байланысты тауарларды
сатып алу қағидаларына
7-қосымша

      нысан

 Конкурс қорытындылары туралы хаттама

      ________________________________________________________________________________

       конкурстың атауы)

      ______________________________ __________________________________ (өткізілетін орны)

       (уақыты мен күні)

       1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: __________________________________.

      (конкурстық комиссияның құрамын көрсету)

       2. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері конкурсқа қатысуға жіберілді:

      ________________________________________________________________________________

       (рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа жіберілген әлеуетті өнім берушілердің

      конкурсқа қатысуға өтінімдерін көрсету)

       3. Конкурстық комиссия өлшемшарттарға сәйкес қарастыру нәтижелері бойынша ашық

       дауыс беру жолымен былай деп шешті:

       1) конкурстың жеңімпазы ретінде _____________________ танылсын;

       (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін, сондай-ақ ол жеңімпаз деп

       танылған шарттарды көрсету)

      2) конкурс _________________________________________________________________

       (конкурс атауы)

       өткізілмеді деп танылсын.

       Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарастыру кезінде конкурс

       жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық өтінімдер қабылданбаса, тиісті себебін көрсету.

      3) Конкурсты ұйымдастырушы _______________________________________________

       (атауын және орналасқан жерін көрсету)

      _____ жылға дейінгі мерзімде ______________________________________________________

      (конкурс жеңімпазының атауын көрсету)

       -мен орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру

       бойынша қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасассын;

      4) Конкурсты ұйымдастырушы _______________________________________________

       (конкурсты ұйымдастарушының атауын көрсету) аталған конкурс қорытындылары

       туралы хаттаманың мәтінін интернет ресурста орналастырсын.

       Осы шешімге дауыс бергендер:

       Жақтаушы дауыс _______ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

       Қарсы дауыс __________ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелері мен хатшысының қолдары.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру,
сондай-ақ мектепке
дейінгі ұйымдарда, жетім
балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етумен байланысты тауарларды
сатып алу қағидаларына
8-қосымша

      нысан

 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде конкурс өткізуге өтінім

      ________________________________________________________________________________

       (білім беру ұйымының немесе білім беруді басқару органының атауы, пошталық

      мекенжайы және электрондық поштасы)

       жоқ (қажетті) жабдықты сатып алу және / немесе мектеп асханасының барлық ескірген

       жабдықтарын жаңа қуат үнемдейтін жабдықпен ауыстыру қажеттілігі бар екендігін

       хабарлайды. Осыған байланысты, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңның

       нормаларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде орта білім беру

       ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметті немесе

      тауарларды сатып алуды жүзеге асыруды сұрайды.

      Күні

      Басшының қолы___________ М.О.

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы көрсетіледі)



 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15681 болып тіркелді.

       2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. Қоса беріліп отырған "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.

       2. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

       3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

       4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі

Е.Біртанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ____________ Е. Сағадиев

      2017 жылғы 8 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

       Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 6 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

       Ұлттық экономика министрі

      ______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 7 қыркүйек

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 611 бұйрығымен
бекiтiлген

 "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінде объект салынатын жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға, сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға, жөндеуге және күтіп-ұстауға, тұру, тамақтану, оқыту жағдайларына және өндірістік практикаға, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және қызмет көрсету жағдайларына, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

       2. Осы Санитариялық қағидалар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерін (бұдан әрі – мектепке дейінгі ұйымдар) қоспағанда білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беруді, тәрбиелеуді, тұратын және тамақтану орнын ұйымдастыру объектілеріне, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдарына (бұдан әрі – объектілер) қолданылады.

       3. Объектілерде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізіледі.

      4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

      1) арнайы білім беру ұйымдары – бұл ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, өсір сүру ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайларды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;

      2) бастауыш мектеп – бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары;

      3) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тағамдардың сапасын бағалау;

      4) білім беру ұйымдары – заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бағуды және оларға тәрбие беруді қамтамасыз ететін халықаралық мектеп мәртебесі бар заңды тұлғалардың филиалдары, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер;

      5) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      6) дене тәрбиесі – адам денсаулығын нығайтуға және дене қабілеттерін дамытуға бағытталған қызмет саласы;

      7) жазу құралдары – жазу дәптерлері, жазуға және сурет салуға арналған құралдар, оларға қаламдар, қарындаштар, фломастерлер, пенал, циркуль, маркерлер, көмір түйірлері, борлар, стерженьдер, грифельдер жатады;

      8) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орындар бере отырып, оларды тәрбиелеу, оларға білім беру үшін қолайлы жағдай жасалатын ұйым;

      10) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін жеке құжат;

      11) жиынтық оқу жүктемесі – Үлгілік оқу жоспарының инвариантты және вариативті бөлігі сағаттарының жалпы саны;

      12) интернат ұйымдары – тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;

      13) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрі – КТБО) – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтағанға дейін үш жастан он сегіз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балалар мен жасөспірімдерді, уақтылы орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағуды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;

      14) лицей – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      15) мамандандырылған білім беру ұйымы – жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде әзірленген және ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруге, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған негізгі және жалпы орта білім берудің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      16) мектеп алды сыныптары (0) – жалпы білім беретін мектептерде бес, алты (жеті) жастағы балаларды тегін міндетті мектеп алды даярлау жүргізілетін сыныптар;

      17) мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және өзін-өзі кәсіптік тұрғыдан айқындауға, шығармашылық еңбегіне, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеуге, бос уақытын пайдалы өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге арналған оқу-тәрбие ұйымдары (бұдан әрі –мектептен тыс объектілер);

      18) оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – білім алушының оқу пәні (пәндер) бойынша білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған және оқулыққа ілеспе болатын жекелеген оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы;

      19) оқу жүктемесі – әрбір жас тобы үшін оқу сағаттарымен өлшенетін оқу-тәрбие процесіне қатысудың нормаланатын жиынтығы;

      20) оқу сағаты – сабақтың (жаттығудың) немесе дәрiстердiң сабақ басталғаннан үзiлiске дейiнгі ұзақтығы;

      21) оңтайлы микроклиматтық жағдай – білім алушылар мен тәрбиеленушілерге ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылу жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;

      22) өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;

      23) рекреация – үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта білім алушылар мен тәрбиеленушілердің демалуына және күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;

      24) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі – САҚ) – орталықтандырылған кәрізбен байланысы жоқ, объектінің аумағында орналасқан жер үсті бөлігі мен қазылған шұңқыры бар дәретхана;

      25) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;

      26) септик – шағын көлемдегi тұрмыстық сарқынды суды тазалауға арналған құрылыс;

      27) спорт объектілері – қызметі балалар және жасөспірімдерді емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие жұмыстарын және мәдени бос уақытты ұйымдастырумен және жүзеге асырумен байланысты ұйымдар;

      28) сыныптардың толықтырылуы – сыныптағы білім алушылардың нормаланған саны;

      29) ұтымды тамақтану – тамақтанудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормаларын ескере отырып, теңестірілген тамақтандыру;

      30) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – кресло-арбалармен және/немесе басқа да қосалқы құралдардың көмегімен қозғалатын, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және ауыратын мүгедектер, сондай-ақ сүйемелдеушілердің көмегімен қозғалатын, нашар көретін және/немесе көзі көрмейтін азаматтар;

      31) шағын жинақталған мектеп – білім алушылар контингенті аз (5 баладан бастап), біріккен сынып-жиындары бар және оқу сабақтарын ұйымдастыру нысаны ерекше жалпы білім беру мектебі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.09.2018 № ҚР ДСМ-20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

 2-тарау. Объектінің салынатын жер учаскесін таңдауға, жобалауға, пайдалануға, реконструкциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

       5. Объектінің жер учаскесін таңдау, жобалау, реконструкциялау "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша уәкілетті орган бекітетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарымен айқындалады.

      6. Жалпы білім беру ұйымдарының және білім алушылар мен тәрбиеленушілердың тұратын орындарын ұйымдастыратын объектілердің аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес барлық периметрі бойынша қоршау болуы тиіс. Қоршау зақымдалмаған болуы тиіс.

      7. Объектілердің аумағында олардың қызметiмен байланысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмейді.

      8. Көп қабатты тұрғын үйлерде, жеке үй иелігінде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын мектептен тыс объектілерде жеке жер учаскесі болмауы мүмкін.

      9. Объектінің учаскесіне кіру жолдары, көлiкпен өту жолдары, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинағыштарға артналған алаңдарға, санитариялық-аулалық қондырғыларға апаратын жолдар асфальтпен, бетонмен немесе тазалауға қолжетімді басқа да қатты жабынмен жабылады.

      10. Жалпы білім беретін ұйымдардағы үй-жайлардың (сыныптар, оқу кабинеттері) ауданы оқытудың аралас нысандарында (фронтальды және топтық) бір білім алушыға шаққанда 2,5 шаршы метр (бұдан әрі – м2) нормасы белгіленеді. Технологияны және еңбекті зерделеу шеберханаларының, сондай-ақ бағыттар бойынша саралап оқытуға арналған мамандандырылған шеберханалардың ауданы бір білім алушыға шаққанда 3,75 м2.

      11. Техникалық және кәсіптік білімнің (бұдан әрі – ТжКБ), орта білімнен кейінгі (бұдан әрі – ОБКБ), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (бұдан әрі – ЖОО) оқу кабинеттері мен дәрісханалары үй-жайларының ауданы:

      1) 12 – 15 орын үшін 1 білім алушыға 2,5 м2 ;

      2) 16 - 25 орын үшін 1 білім алушыға 2,2 м2 ;

      3) 26 - 49 орын үшін 1 білім алушыға 1,8 м2      

      4) 50-75 орын үшін 1 білім алушыға 1,5 м2;

      5) 76-100 орын үшін 1 білім алушыға 1,3 м2;

      6) 100-150 орын үшін 1 білім алушыға 1,2 м2;

      7) 150-350 орын үшін 1 білім алушыға 1,1м2;

      8) 350 және одан артық орын үшін 1 білім алушыға 1,0 м2 болып айқындалады.

      Дәрісханалар, оқу кабинеттері, зертханалар жерүсті қабаттарда орналасуы тиіс.

      12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің саны объектінің жобалық сыйымдылығынан аспауы тиіс. Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылардың саны жалпы санға енгізілмейді.

      13. Әрбір ауысымда 1 білім алушыға шаққандағы аудан нормалары және осы Санитариялық қағидалардың талаптары сақталған жағдайда оқудың екі ауысымдық режимін ұйымдастыруға жол беріледі.

      14. Пайдалану режимі шумен қоса жүретін және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің алаңдауын тудыруы мүмкін, педагогикалық, медициналық, әкімшілік персоналдың жұмысына кедергі келтіруі немесе оларды бұзуы мүмкін үй-жайлар (сорғы қондырғысы бар бойлерлер, өндірістік үй-жайлар, жөндеу шеберханалары, сорғы бөлімшесі бар салқындатқыш камералар, желдеткіш камералары, компрессорлық) жатын бөлмелермен, оқу, медицина кабинеттерімен көршілес, олардың астына немесе үстіне орналастырылмайды.

       15. Мектептен тыс мекемелер үй-жайларының жинағы қосымша білім беру бағдарламаларының іске асырылуына, бір жолғы сыйымдылығына, білім беру технологиясына, инженерлік-техникалық жабдыққа, қажетті жиһазбен жарақтандырылуына қарай қабылданады.

      16. Спорт залының жылыту жүйесінің радиаторлары терезе астындағы қуыстарда орналастырылады және торлармен жабылады немесе еденнен биіктігі 2,4 метрде (бұдан әрі – м) орналастырылады. Терезелерде және жарықтандыру аспаптарында қоршау құрылғылары көзделуі тиіс.

       17. Барлық үй-жайлардағы еденнің беті тегіс, саңылаусыз, ақаусыз және механикалық зақымданбаған болуы тиіс.

       Оқу үй-жайларындағы, кабинеттердегі және рекреациялардағы еденнің тақтай немесе паркет төсемі болуы тиіс. Едендерге ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретін синтетикалық полимерлі материалдар, жылы линолеум төсеуге болады.

       Спорт залының едені ағаштан болуы немесе арнайы төсемі болуы, еденнің беті тегіс, саңылаусыз және ақаусыз болуы тиіс.

      Еңбекке баулу шеберханаларындағы еден механикалық әсерге төзімді, химия кабинеттері мен зертханаларында – химиялық реагенттерге төзімді материалдан жасалады.

       18. Объектілер жеке тұрған ғимаратта немесе бірнеше жекелеген ғимараттарда пайдаланылады.

      Объектілерді бейімделген ғимараттарда пайдалануға жол беріледі. Жалпы білім беру ұйымдарын бейімделген ғимаратта пайдаланған кезде оқу үй-жайларының және кабинеттердің есептік сыйымдылығы 1 білім алушыға шаққанда 2,5м2 аудан нормасы ескеріле отырып айқындалады.

      19. Мектептен тыс объектілерді, білім беру орталықтарын бейімделген ғимараттарда, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда, сондай-ақ тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында пайдалануға жол беріледі.

      20. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында пайдаланылатын объектілердің тұрғын үйдің кіреберісімен қосылмаған бөлек есігі болуы тиіс.

      21. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер болатын, медициналық мақсаттағы үй-жайларды ғимараттардың жертөле және цокольдық қабаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      22. Барлық үй-жайлар функционалдық мақсатына сәйкес пайдаланылуы тиіс.

       23. Авариялық ғимараттарда және үй-жайларда орналасқан объектілерді пайдалануға жол берілмейді.

       24. Объектілерде мектепке дейінгі ұйымдар, компьютерлік сыныптар, мамандандырылған медициналық және стоматологиялық кабинеттер, шаштараздар, кір жуатын орындар, бассейндер, оқу-өндірістік шеберханалары, тамақтану объектілері болған жағдайда Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің (бұдан әрі – нормалау құжаттары) талаптары қолданылады.

       25. Объектілерді реконструкциялау кезінде осы Санитариялық қағидалардың 6-24-тармағы аралығындағы талаптардың сақталуы көзделеді.

 3-тарау. Сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      26. Объектілерде орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен, ыстық сумен жабдықтау, су бұру көзделеді және олар жарамды жағдайда болуы тиіс.

      27. Объектілер нормалау құжаттарының белгіленген талаптарына сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

      28. Объектілерде ауыз су режимі ұйымдастырылады. Ауыз су, оның ішінде сыйымдылықтарға (графиндер, шәйнектер, бөшкелер және басқалар) өлшеп-құйылған немесе шөлмектердегі ауыз су сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.

       Суға арналған кулерлер (диспенсерлер) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тұрақты түрде тазартылады. Су ішу үшін таза ыдыс (шыны, фаянс ыдыс, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланылады.

       Жеке шөлмек сыйымдылықты пайдалануға рұқсат етіледі. Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі.

      29. Стационарлық ауыз су бұрқақтарының конструктивтік шешімдері судың тік ағынының айналасында биіктігі кемінде он сантиметр болатын шектеу сақинасының болуын көздейді.

      30. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектілерде болатын барлық уақыты ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімдігі қамтамасыз етіледі.

      31. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда ішкі су құбыры және су бұру құрылғысымен жергілікті ауыз суы мақсатындағы көздерден алынатын су пайдаланылады.

      32. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждығы үшін әкелінетін ауыз-суды пайдалануға жол беріледі, оны жеткізу мамандандырылған автокөлікпен, ауыз сумен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалған, уақтылы тазартылатын, жуылатын және дезинфекцияланатын таңбаланған арнайы сыйымдылықтарда жүргізіледі.

      33. Әкелінетін сумен жұмыс істейтін объектілерде ауыз су қорын сақтауға арналған сыйымдылықтар орнатылған жеке үй-жай көзделеді. Сыйымдылықтар таңбаланады ("ауыз су"), олар апта сайын (және қажеттілігіне қарай) жуу және дезинфекциялау құралдары қолданыла отырып, тазартылады және дезинфекцияланады. Ауыз суға арналған сыйымдылықтарды басқа мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      34. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су жылытқыштар орнатылады. Ыстық және суық су тұратын жерлердегі, медициналық мақсаттағы үй-жайлардағы барлық ванналарға, себезгілерге, кір жуатын орындарға, қолжуғыштарға, сондай-ақ ас блогындағы технологиялық жабдыққа араластырғыш орнатыла отырып, жүргізіледі.

       Сумен жылыту жүйесiндегi ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін пайдалануға жол берiлмейдi.

      35. Сурет салуға және жабыстыруға, өсімдіктермен жұмыс істеуге арналған үй-жайлар, шеберханалар, медициналық блок үй-жайлары, ас блогының өндірістік үй-жайлары ыстық және суық су өткізілген раквиналармен, қол жууға және кептіруге арналған құралдармен жабдықталады.

      36. Объектілерді кәріз жүргізілмеген және ішінара кәріз жүргізілген орындарда орналастырған кезде жергілікті су бұру құрылғысы көзделеді. Сарқынды суларды, оның ішінде САҚ-тың сарқынды суын қабылдауды объекті аумағының шаруашылық аймағында орналасқан, гидравликалық бекітпесі бар қақпақтармен (сифондар) жарақталған жалпы немесе бөлек жерасты су өткізбейтін сыйымдылықтарға (шұңқырға, септикке) жүзеге асырады, оларды тазалау уақтылы жүргізіледі.

      Сарқынды суды ашық су айдындарына және іргелес аумаққа, сондай-ақ су сіңіргіш құдықтар құрылғысына ағызуға жол берiлмейдi.

       37. Өндірістік, қойма үй-жайларындағы, тұрмыстық үй-жайлардағы су бұруға арналған кәріз бағандары сыланған қораптарға салынады.

      38. Кәріз жүргізілмеген жерлерде САҚ құрылғысына (75 адамға 1) және су құйылатын қолжуғыштарды (30 адамға 1) орнатуға жол беріледі.

      САҚ-тың жер үстіндегі үй-жайлары мен су өткізбейтін материалдан жасалған қазылған шұңқыры болады. САҚ-ты жинау дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып күн сайын жүргізіледі. САҚ-тың қазылған шұңқырын уақтылы тазалайды.

       39. Объектілердің ғимараттары орталық жылыту жүйелерімен жабдықталады. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзі болмаған жағдайда сұйық, қатты және газ түріндегі отынмен жұмыс істейтін автономды қазандық көзделеді.

      40. Селолық елді мекендердегі шағын жинақталған білім беру объектілерінің бір қабатты ғимараттарында пешпен жылыту құрылғысына жол беріледі. Пешті жағу жеке есігі бар оқшауланған үй-жайда жүргізіледі.

       41. Жылыту кезеңінде ауаның температурасы нормалау құжаттарына сәйкес айқындалады.

       42. Үй-жайларды табиғи және жасанды жарықтандыруды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобалау керек. Жасанды жарықтандыру үшін жарық диодты, люминесцентті және энергия үнемдеуші шамдарды пайдаланады. Ортақ жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда көзделеді.

       43. Объектінің аумағында, оның ішінде санитариялық-аулалық қондырғыларда сыртқы жасанды жарықтандыру болады.

      44. Оқу үй-жайларындағы, ойын және жатын бөлмелеріндегі жарық түсетін ойықтарды реттелетін күннен корғайтын құрылғылармен жабдықтайды.

      45. Оқу-өндірістік шеберханаларда, спорт залдарында екі жақ бүйірден табиғи жарықтандыруға және аралас (үстіңгі және бүйір жақтан) жарықтандыруға жол беріледі. Оқу үй-жайларында терезенің әйнектерін бояуға жол берілмейді.

      Терезелердің әйнектелуі бүтін шыны төсемінен орындалады.

      46. Жасанды жарықтандыру кезінде бір үй-жайда бір үлгідегі шамдар қолданылады. Жарықтандыру кезінде шағылысқан және шашыраңқы жарықты шамдарды пайдаланады, оларды плафондармен қамтамасыз етеді.

       47. Білім беру объектілерін жасанды жарықтандыру көрсеткіштері нормалау құжаттарына сәйкес айқындалады.

       48. Көру қабілеті бұзылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған объектілердегі оқу үй-жайларын (сыныптарды, кабинеттерді, зертханаларды, шеберханаларды), сондай-ақ оқу залдарын жасанды жарықтандырудың құрамдастырылған жүйесімен жабдықтайды. Көру патологиясының түріне байланысты жалпы және жергілікті жарықтандырудың жиынтық жарықтандыру деңгейі мынаны құрайды:

       1) жоғары дәрежелі күрделі алыстан көрмейтіндер және жоғары дәрежедегі жақыннан көрмейтіндерге – 1000 люкс (бұдан әрі – лк);

      2) торлы қабық пен көру нервісі зақымдалғандарға (көздің қарығуы болмайтын) – 1000 – 1500 лк;

      3) жарықтан қорқу ауруынан зардап шегетіндерге – 500 лк-тен артық емес;

      4) жасанды жарықтандыру деңгейі жалпы жарықтандыру жүйесінен 400 лк-тен аспауы тиіс;

      5) әр жұмыс орнын кемінде 400 лк жергілікті жарықтандыру шамдарымен жабдықтайды.

       Шамдар үстелдің бетіне нығыз бекітілуі және олардың еңкею бұрышы мен жарық көзінің биіктігін өзгертуге мүмкіндік беретін иілімді кронштейні болады.

       49. Істен шыққан шамдар ауыстырылады. Жарамсыз, құрамында сынап бар шамдар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қолы жетпейтін жеке үй-жайда сақталады. Пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды қоқыс жинағыштарға тастауға жол берілмейді. Пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды сақтау және кәдеге жаратуға жіберу объекті басшысының бұйрығымен жауапты адамға жүктеледі.

      50. Объектілердің ғимараттары желдету және ауа баптау жүйелерімен жабдықталады. Ас блогында механикалық түрде іске қосылатын желдету жүйесі көзделеді. Жылу және ылғал бөлу көздері болып табылатын жабдықтың үстінде сыртқа тарту шатырлары орнатылады.

      51. Желдету және ауа баптау жүйелерін пайдалану кезінде нормалау құжаттарының талаптары сақталады.

       52. Оқу үй-жайларын үзілістер кезінде, рекреациялық үй-жайларды сабақ уақытында желдетеді. Сабақ басталғанға дейін және олар аяқталғаннан кейін оқу үй-жайларында өтпелі желдету жүзеге асырылады. Өтпелі немесе бұрыштан желдетуді білім алушылар мен тәрбиеленушілер болмаған кезде жүргізеді. Өтпелі желдетуді дәретхана үй-жайлары арқылы жүргізбейді.

       53. Станоктарда және тетіктерде жұмыс істеу жылу мен шаңның көп мөлшерінің бөлінуімен байланысты болатын шеберханалар сору-сыртқа тарту желдеткішімен және жергілікті шаңұстағыштармен және сыртқа тарту құралдарымен жабдықтайды.

       54. Объектілерде нормалау құжаттарына сәйкес үй-жайлардың оңтайлы микроклиматтық жағдайлары (температура, ауа қозғалысының жылдамдығы және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) қамтамасыз етіледі.

      55. Ауаның температурасын бақылау үшін білім беру ұйымдарының ойын, оқу және жатын үй-жайларында, балаларды тәрбиелеу және олардың тұратын орындарында, сондай-ақ медициналық пункт үй-жайларында термометрлер орнатылады.

 4-тарау. Объектілердің үй-жайларын жөндеуге және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

       56. Жыл сайын объектіде ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

      57. Объектілер жұмыс істеп тұрған кезде авариялық жағдайларды жою жұмыстарын қоспағанда, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының түрлерін жүргізуге жол берілмейді.

      58. Үй-жайларды әрлеу үшін олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар құрылыс материалдары пайдаланылады.

      59. Вестибюльдерде, холлдарда, рекреацияларда, акті және мәжіліс залдарында, әкімшілік үй-жайларында конструкциясы әртүрлі аспалы төбелерді қолдануға жол беріледі.

      60. Барлық үй жайлардың төбелері мен қабырғалары тегіс, саңылаусыз, жарықшағы жоқ, бүлінбеген, грибоктармен зақымдану белгілерінсіз болуы тиіс.

      61. Қалыпты режимде пайдаланылатын үй-жайлардағы қабырғалардың, еденнің, жабдықтың беті ылғалды тәсілмен жинауға жол беретіндей тегіс, күңгірт болады.

       Ылғалды режимде жұмыс істейтін үй-жайлардың (медициналық мақсаттағы, ас блогы, санитариялық тораптар, кір жуу, жуыну орындары) қабырғаларын кемінде 1,5 м биіктікте, себезгі бөлмелерінде кемінде 1,8 м биіктікте тақтаймен немесе жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тәсілмен жинауға жол беретін басқа да материалдармен қаптайды.

      62. Терезе әйнектері, электр шамдардың плафондары және сыртқа тартып желдету жүйесінің жалюзді торлары таза ұсталады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жарықтандыру арматурасын тазалауға және терезелерді жууға тартуға жол берілмейді.

      63. Желдету үшін ашылатын терезелерге, форточкаларға, фрамугаларға москит торлары орнатылады.

       64. Объектілердің аумағы, ашық ауадағы дене шынықтыру және спорт алаңдары таза ұсталады, бөгде заттардан бос болуы тиіс.

       65. Барлық үй-жайлар таза ұсталады. Ас блогын және дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жинайды. Дәретханаларда еден, есік тұтқалары, кранның құлақтары, раковиналар және унитаздар күн сайын дезинфекциялауға жатады.

      Үй жайларды ылғалды жинауды ұйымның техникалық персоналы жүргізеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді санитариялық тораптарды жинауға тартуға жол берілмейді.

       66. Жинау жүргізу үшін нормалау құжаттарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген жуу, дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.

      Дезинфекциялау ерітінділерін өндірушінің нұсқаулығына сәйкес ерітіндінің дайындалған күнін көрсете отырып, таңбаланған сыйымдылықтарда дайындайды. Дезинфекциялау және жуу құралдары және олардың жұмысшы ерітінділері білім алушылар мен тәрбиешілердің қолы жетпейтін орындарда сақталады.

      67. Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, щеткалар, шүберектер) таңбаланады және олар жекелеген үй-жайларға (санитариялық торап, медициналық пункт, ас блогының өндірістік үй-жайлары, тамақ ішетін залдар, рекреациялар, оқу кабинеттері, жатын бөлмелер, өндірістік шеберханалар) бекітіледі және арнайы бөлінген орындарда сақталады.

       Барлық ұйымдардың санитариялық тораптары үшін жинау мүкәммалының белгілік таңбасы болады.

      68. Объектілерде дератизациялау және дезинсекциялау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Жәндіктердің, кенелердің және басқа да буынаяқтылар мен кеміргіштердің болуына жол берілмейді.

       69. Тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған қоқыс жинағыштар шаруашылық аймақтағы үш жағынан қоршалған тазалау және дезинфекциялау үшін қолжетімді, су өткізбейтін төсемі бар алаңға орнатылады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазаланады, жуылады және дезинфекцияланады.

      Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналасқан объектілердің қоқысын жинау үшін тұрғын үйдің ортақ қоқыс жинағыштары немесе контейнерлері пайдаланылады.

 5-тарау. Оқыту және өндірістік практика жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

       70. Жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының топтарын (сыныптарын) толықтыру осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.

      71. Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы 40 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының "сатылы" режимін қолданады. Қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан, қазаннан бастап 40 минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі.

      Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар болуы тиіс.

       72. Жалпы білім беру ұйымдарындағы апталық оқу жүктемесі осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нормалардан аспауы тиіс.

      Кестедегі сабақтар саны ата-аналар комитетімен келісіледі.

      73. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді.

       Сабақ кестесін жасаған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушының ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескеріледі және осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қиындығы бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады.

      74-тармақ. Мектептің сабақ кестесі міндетті және факультативтік сабақтар үшін жеке жасалады. Факультативтік сабақтар міндетті сабақтардың саны барынша аз күндері жоспарланады.

      Күн сайынғы оқу жиынының салмағы:

      1-3-сыныптардың білім алушылары үшін – 1,5-2,0 килограмм (бұдан әрі – кг);

       4-5-сыныптардың білім алушылары үшін – 2,0-2,5 кг;

      6-7-сыныптардың білім алушылары үшін – 3,0-3,5 кг;

      8-11(12)-сыныптардың білім алушылары үшін – 4,0-4,5 кг - нан аспауы тиіс.

      Сабақ кестесі оқу портфельінің немесе аспалы сөмкенің (рюкзактың) салмағынсыз күн сайынғы оқу жиынының (оқулықтар, ОӘК және жазу құралдары) гигиеналық нормативтерін ескере отырып құрылады.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.09.2018 № ҚР ДСМ-20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

      75. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.

      Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді.

      Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.

       76. Мектеп алды сыныптардағы сабақтардың барынша рұқсат етілген саны – ұзақтығы 25-30 минуттан төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минут болуы тиіс.

       77. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушыларының оқу жүктемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленеді.

      78. Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беру ұйымдары жанында дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие қызметін және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мәдени бос уақытын өткізуді жүзеге асыратын мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеген уақытта тамақтандыруды және күндізгі ұйқыны ұйымдастыруға жол беріледі. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде осы Санитариялық қағидалардың талаптары ескеріледі. Күндізгі ұйқыны ұйымдастыру кезінде жатын үй-жайы бөлінеді, жеке кереуеттер (жазылатын кереуеттер) орнатылады, жеке төсек-орын жабдықтары (жайма, жастықтың тысы, көрпенің тысы) және кемінде екі орамал (аяққа және қолға арналған) көзделеді.

      79. Өндірістік практика оқу-тәрбие процесінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің технологиялық жабдықты жөндеуіне жол берілмейді.

      80. Ойын және спорт алаңдарының жабдықтарын қоса алғанда, жиһаз бен жабдық білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойына және жасына сәйкес келеді. Спорт, ойын жабдығы жарамды күйде ұсталады.

       81. Оқу жиhазын іріктеп алуды білім алушылардың бойына сәйкес жүргізеді. Оқу жиһазының өлшемдері осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген.

       82. Объектілерде оқу кабинеттері, зертханалар жұмыс үстелдерімен, арқалығы бар орындықтармен жабдықталады.

      Мынадай білім алушылар мен тәрбиеленушілер:

      есту, көру қабілеті бұзылған білім алушылар мен тәрбиеленушілер тақтаға жақын, алдыңғы қатардағы үстелдерге;

       жиі суық тиіп ауыратын білім алушылар мен тәрбиеленушілер сыртқы қабырғадан алыс отырғызылады.

      83. Оқу үй-жайларындағы жиһаз сол жақ бүйірден табиғи жарықтандыру қамтамасыз етіле отырып, орнатылады. Негізгі жарық ағынының білім алушылар мен тәрбиеленушілердің алдынан және арт жағынан түсуіне жол берілмейді.

       84. Физикалық және химиялық реагенттерді пайдалана отырып, зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін физика мен химия кабинетіндегі демонстрациялық және оқу зертханалық үстелдерге электр энергиясын жүргізу, химия кабинетінде (орталықтандырылған сумен жабдықтау болғанда) су және кәріз жүргізу көзделеді.

      Химия кабинетінде сыртқа тарту шкафы жабдықталады.

       85. Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттер, қышқылдар мен сілтілер таңбаланады, жауапты адамның бақылауымен арнайы бөлінген сейфте сақталады.

       86. Оқу шеберханаларында мамандандырылған верстактарда және үстелдерде жұмыс істеу кезінде өздерінің мақсатына сәйкес арқалығы жоқ көтеріліп-бұрылатын отырғыштар қолданылады.

      87. Шеберханалар шуы аз жабдықпен жарақталады, шу мен діріл деңгейлері нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.

      88. Спорт залдарының жанындағы киім шешетін орындар киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен және орындықтармен жабдықталады.

       89. Спорттық төсеніштер мен снарядтардың жабыны (қаптамасы) ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретіндей бүтін болады.

      90. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза құммен (тас, бұтақтар, жапырақтары жоқ) толтырады, секіру алдында іші қопсытылады және тегістеледі. Шұңқырлардың ағаш ернеулері жердің бетімен бір деңгейде болуы тиіс, олар брезентпен немесе резеңкемен қапталады.

       Жүгіру жолдарының бетінің қатты, жақсы құрғатылатын жабыны болуы, нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жоғарғы қабаты болуы тиіс.

      91. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су құятын қолжуғыштарды орнатуға жол беріледі.

      92. Объектілердің санитариялық тораптарында унитаздар, қол жуатын раквиналар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған унитаздар жабық кабиналарда орналастырылады, білім беру объектілерінің мектеп алды сыныптары үшін балаларға арналған унитаздар орнатылады.

       Объектілердің оқу және тұрғын корпустарындағы санитариялық аспаптарға қажеттілік осы Санитариялық қағидаларларға 6-қосымшаға сәйкес көзделеді.

      Жүріп-тұруы шектеулі топтар үшін санитариялық құралдардың орнатылуы және оларға қажеттілік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес нормаланады.

      93. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін сатып алынған өнімдердің (ойыншықтар, аяқ киім, киім, ыдыс, жеке гигиена құралдары, мектеп және жазу құралдары, төсек-орын жабдықтары, парфюмерлік-косметикалық өнім, жиһаз) оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы тиіс.

 6-тарау. Объектілерде тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

       94. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұруына арналған объектіні бөлек тұрған ғимараттарға, ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарға, сондай-ақ оқу корпустарымен көрші ғимараттарға орналастыруға жол беріледі.

      Жатын үй-жайлардағы ауданы 1 орынға кемінде 4 м2, полиемиелит және енжар параличтен зардап шеккен балаларға арналған мектеп-интернаттарда 4,5 м2 көзделеді.

      ТжКБ, ОБКБ және ЖОО білім алушыларына арналған жатақханаларда 1 адамға кемінде 6 м2 аудан көзделеді.

       95. Үй-жайлар олардың функционалдық мақсаттарына сәйкес жиһазбен жабдықталады.

      Төсек-орын жабдықтары, жаңа және ескі киімдер мен аяқ киімдер, қатты мүкәммал қорларын сақтау үшін қойма үй-жайлары көзделеді.

      96. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тәулік бойы болатын объектілерде шомылдыру төсек-орын жабдықтарын, іш киім мен орамалдарды бір уақытта ауыстыра отырып, кесте бойынша жеті күнде бір реттен сиретпей жүзеге асырылады.

      97. Төсек-орын жабдықтарын, орамалдарды ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі. Лас киім-кешек кір жуатын орынға қаптармен (клеенкалы және мата) жеткізіледі. Матадан тігілген қаптар жууға тапсырылады, клеенкалы қаптар қолдануға рұқсат етілген жуу құралдарымен өңделеді. Таза киім-кешек жуылған қаптарда жеткізіледі. Төсек-орын жабдықтары жылына кемінде бір рет камералы дезинфекциялауға жатады.

       98. Бір жатын орынға кемінде үш төсек-орын жабдығының болуы көзделеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұратын орны ұйымдастырылған объектілерде төсек-орын керек-жарақтары мен төсек-орын жабдықтары таңбаланады, жеке гигиенаға арналған заттар (тіс щеткалары, тарақтар, жөкелер) әр балаға жеке бөлінеді. Жеке тіс щеткалары, жөкелер жуынатын бөлмелердегі ашық ұяшықтарда сақталады.

      99. Кір жуу объектінің кір жуатын орнында жүзеге асырылады, таза және лас киім-кешектің қарама-қарсы ағыны болмайды. Кір жуатын орын болмаған жағдайда кір жуу басқа кір жуатын орындарда бір орталықтан жүргізіледі.

       Инфекциялық аурумен ауырған адамның киім-кешегі жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялауға жатады.

      100. ТжКО, ОБКБ және ЖОО білім алушыларына арналған студенттік жатақханаларда 4-6 адамға 1 себезгі, 1 қол жуатын раквина және 1 унитаз орнатылады. Әйелдердің жеке гигиенасы кабинасы 50 адамға шаққанда 1 кабина есебінен көзделеді және унитазбен, бидемен, себезгімен және қол жуатын раквинамен жабдықталады.

 7-тарау. Объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      101. Объектілердің ас блогтарына осы Санитариялық қағидалардың талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын нормалау құжаттарының талаптары қолданылады.

       102. Тамақ ішу арасындағы интервал 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс.

       103. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру нормалары ("брутто" массасында) "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен регламенттелген.

      104. Объектіде перспективалық маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады. Мәзірді әзірлеу кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің болу ұзақтығы, жас санаты ескеріледі, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.

      105. Жалпы білім беретін ұйымдардың бірінші ауысымының білім алушылары үшін бір-екі рет тамақтану – екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас, екінші ауысымның білім алушылары үшін – бесін ас, ұзартылған күн топтары үшін – екінші таңғы ас, түскі ас және бесін ас көзделеді. Балалар тәулік бойы болатын кезде кемінде бес рет тамақтану көзделеді.

       106. Жасқа байланысты граммен тағам порцияларының ұсынылатын массасы осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген.

       107. Осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тамақ өнімдерін ауыстыруға жол беріледі.

      108. Мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға жол берілмейді.

      109. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант енгізіледі. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі-жеті күнтізбелік күнде бір рет енгізіледі.

       110. Таңғы ас тағамнан (бірінші немесе екінші) және сусыннан (компот, кисель, шай және шырындар) тұрады. Жұмыртқаны, шырындарды, жемістерді, сары маймен немесе ірімшікпен бутербродтарды таңғы асқа енгізуге немесе жеке қабылдауға жол беріледі.

      Түскі асқа салат, бірінші, екінші тағам (негізгі тағам еттен, балықтан немесе гарнирі бар құс еті) және үшінші (компот, кисель, шай және шырындар) кіреді. Пісірілген және жас көкөністерден оңай жасалатын салаттар дайындалады.

       Бесін аста мәзірге тоқашпен және кремі жоқ кондитерлік өнімдермен бірге сусын (сүт, қышқыл сүт өнімдері, кисель, шырындар) енгізіледі.

       Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан, негізгі екінші тағамнан (ет, балық немесе гарнирі бар құс еті), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады.

       Қосымша екінші кешкі ас ретінде жемістер немесе қышқыл сүт өнімдері және тоқаш немесе кремі жоқ кондитерлік өнімдер енгізіледі.

      111. Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келуі тиіс.

       112. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 1-нысанына сәйкес деректер тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналына енгізіле отырып, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоғамдық тамақтану ұйымында сақталады.

      113. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыруда көрсетілген тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын зертханалық-аспаптық зерттеулер нәтижелері болған кезде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ұйымдарда, білім беру ұйымдарының оқу-тәжірибелік және бақша учаскелерінде, жылыжайларында өсірілген өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатын пайдалануға жол беріледі.

       114. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ас блогының өндірістік үй-жайларында болуына және оларды тағам дайындаумен, көкөністерді тазалаумен, дайын тағамды таратумен, нан тураумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды жинаумен байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді.

       115. Сусындарды құю тікелей тұтынушының ыдысына (стақандарға, бокалдарға) жүзеге асырылады, тарату алдында ортақ ыдысқа құюға жол берілмейді.

      116. "С" витаминімен витаминдеуді балалар тәулік бойы болатын ұйымдарда осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 2-нысанына сәйкес деректерді "С-витаминдеу" журналына енгізе отырып, "С" витаминінің тәуліктік нормасы есебінен мектеп жасындағы балалар үшін – 70 мг мөлшерінде жүргізеді.

      117. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді.

       118. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және (немесе) тоңазыту камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Сынап термометрлерін пайдалануға жол берілмейді.

       119. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды:

      1) қатық, сүзбе, айранды;

      туралған ет қосылған құймақтарды;

      флотша макаронды;

      зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;

      кремі бар кондитерлік өнімдерді;

      тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);

      морстар, квастарды;

      фритюрде қуырылған өнімдерді;

      шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;

      күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;

      окрошканы;

      саңырауқұлақтарды;

      өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;

      тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;

      газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);

      фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;

      ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;

      2) мыналарды:

      пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;

      суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;

      ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;

      тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;

      механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;

      құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;

      сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;

      генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;

       йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.

      120. ЖОО-ны қоспағанда білім беру объектілерінде тамақ өнімдерін өткізетін автоматтарды орнатуға жол берілмейді.

      121. Жаппай сауықтыру емшарасы ретінде оттегі коктейльдерін өткізуге жол берілмейді.

       122. Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 3-нысанына сәйкес тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.

      Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамы міндетті түрде құрамына медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіле отырып, обьекті басшысының бұйрығымен айқындалады.

      123. Күн сайын ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) алады және +2°С-тан +6°С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынаманы келесі күні немесе демалыстан кейінгі күні (демалыс күндерінің санына қарамастан) дайындалған тағаммен – таңғы аспен, түскі аспен, бесін немесе кешкі аспен ауыстырғанға дейін кемінде жиырма төрт сағат сақтайды.

 8-тарау. Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптар

      124. Объектіде нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылады және жүргізіледі.

       125. Объектіде персоналдың еңбек жағдайын және жеке гигиена қағидаларын сақтауына жағдай жасалады.

       126. Ас блогының жұмыскерлері, техникалық персонал арнайы киіммен (халат немесе шалбары бар күрте, бас киім, аяқ киім) қамтамасыз етіледі.

       Объектілердің жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді, объектіден шығу және дәретханаға бару алдында арнайы киімін шешеді, жұмыс басталу алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен соң және лас заттармен жанасқанда қолдарын сабынмен жуады.

       127. Білім беру объектілерінің асхана жұмыскерлері жұмыс басталу алдында шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды, зергерлік бұйымдарды, сағаттарды және басқа да сынатын заттарды шешеді, тырнақтарын қысқа етіп қиады және оларды лакпен боямайды.

       Жұмыскерлердің өндірістік үй-жайларға арнайы киімсіз кіруіне және оның үстінен өзге киімді киюіне жол берілмейді.

       Арнайы киім жеке заттарынан бөлек сақталады.

      128. Шикізат пен дайын өнімге бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін өндірістік үй-жайларда ұсақ шыны және металл заттарды (технологиялық мүкәммалдан басқа) әкелуге және сақтауға, арнайы киімді түйреуішпен, инемен түйреуге және халаттың қалталарында жеке заттарды сақтауға жол берілмейді.

      129. Қол жуу үшін ыстық және салқын су өткізілген қол жуатын раквиналар, қол жууға және құрғатуға арналған құралдар орнатылады.

      130. Тамақ ішу қатаң түрде бөлінген жерлерде рұқсат етіледі.

      Ескерту. 130-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

 9-тарау. Объектілердегі медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      131. Білім беру объектілерінде медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.

      Медицина қызметкері болмаған жағдайда медициналық қызмет көрсетуді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымы жүзеге асырады.

      132. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына, КТБО-ға жаңа келіп түскен білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін изолятор бокстар көзделеді.

       133. Білім беру объектілерінде медициналық пункттегі үй-жайлардың ең аз жиыны медицина қызметкерінің кабинетін және емшара кабинетін қамтиды.

       Тұратын орындар ұйымдастырылатын объектілерде, жатақханаларда бірінші қабатта изоляторы бар медициналық пункт көзделеді.

      134. Изолятор палаталары өтпелі болмауы тиіс, олардың арасында биіктігі 1,2 м әйнектелген қалқа құрылғысы бар медициналық кабинетпен көрші орналасуы тиіс.

      135. Білім алушылар аз уақыт болатын білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мектептен тыс ұйымдарда медициналық кабинет көзделмейді.

       136. Емшара кабинетінде профилактикалық егулер жүргізуге жол беріледі. Медициналық емшаралар мен профилактикалық егулерді бір мезгілде жүргізуге жол берілмейді.

      137. Селолық елді мекендерде орналасқан ұйымдарда медициналық пункттің қажетті үй-жайлар жиыны болмаған кезде медициналық пункттер үшін ауданы кемінде 12 м2 болатын бөлме жабдықталады.

       138. Медициналық пунктті жарақтандыруға арналған медициналық жабдықтар мен құрал-саймандардың ең аз тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшада белгіленген.

      139. Эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесі бойынша ықтимал қауіпті қалдықтарға жататын медициналық қалдықтар түзілген кезде оларды емдеу-профилактикалық объектілері қалдықтарының барлық түрлерін жинау, сақтау, өңдеу, залалсыздандыру және жою қағидаларына сәйкес залалсыздандырады және жояды.

      140. Аурудың созылмалы түрлерімен, тәуекел факторларымен диспансерлік есепте тұрған, сондай-ақ жекелеген жіті аурулармен ауырған білім алушылар мен тәрбиеленушілер құрылған жоспарға сәйкес диспансерлік бақылауға және сауықтырылуға жатады.

       141. Емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын медицина персоналы жүргізеді. Обьектілерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға, сырқаттанушылықтың алдын алуға және оны төмендетуге бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспары жасалады.

       142. Білім беру ұйымдарына түсетін білім алушылар мен тәрбиеленушілер медициналық тексеріп-қараудан өтеді.

      143. Білім беру объектілерінің қызметкерлері мен ас блогының персоналында жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болады.

       144. Іріңді тері аурулары, іріңдеген тіліктер, күйіктер, жаралары бар адамдар, инфекциялық аурулармен ауыратын науқастар немесе олардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар, сондай-ақ науқастармен және тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар тиісті медициналық зерттеп-қарау жүргізілгенге дейін және дәрігердің қорытындысына дейін жұмысқа жіберілмейді.

       145. Медицина қызметкері мектептен тыс ұйымдардан басқа объектілерде медициналық кабинетті, құжаттаманы және жататын контингентті профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жүргізуге дайындауды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, персоналды вакцинациялауды жүргізеді.

      146. Объектілердің медицина қызметкерлері мен әкімшілігі:

       1) объектілердегі қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан уақтылы өтуін есепке алуды және осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 4-нысанына сәйкес деректерді ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері журналына тіркеу арқылы ас блогы жұмыскерлерінің денсаулығына күн сайын бақылау жүргізеді;

      2) жыл сайын және сұрау салу бойынша сырқаттанушылық, профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды өткізу, денсаулық жағдайы бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бөлу (денсаулық топтары), дене бітімінің дамуы, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру топтары бойынша ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады;

      3) он күн сайын осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 5-нысанына сәйкес оны кейіннен түзете отырып және тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесін жүргізе отырып, күнтізбелік 10 күнге негізгі өнімдер бойынша тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізеді.

      147. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, сондай-ақ профилактикалық мақсатта білім беру ұйымының басшылығы, оның персоналы және медицина қызметкерлері санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізеді.

       148. Білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 141 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 112351 болып тіркелген) бекітілген Білім беру ұйымдарының білім алушылары және тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      149. Медициналық кабинеттерде өндірушінің нұсқаулығына сәйкес қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен жабдықтар мен мүкәммалға санитариялық-дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі.

       150. Білім беру объектілерінде осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес медициналық құжаттама жүргізіледі.

 

"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
1-қосымша

 Зертханалық-аспаптық зерттеулер

 

Кесте

Р/с

Сынама алу орны

Зертханалық зерттеулер, саны (бірлік)

Зерттеу кезеңділігі

 

1

2

3

4

 

1

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру, тәрбеиелеу, тұру орындарының ұйымдары, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдары

 

1.1

ас блоктары

микробиологиялық зерттеулерге тамақ өнімдерінің (шикізат) сынамалары

ағымдағы қадағалау тәртібінде

 

микробиологиялық зерттеулерге алынатын дайын тағамдардың сынамалары

ағымдағы қадағалау тәртібінде

 

микробиологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге су сынамалары

ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылына бір рет)

 

тағамдардың құнарлығы

ағымдағы қадағалау тәртібінде

 

термиялық өңдеу сапасы

ағымдағы қадағалау тәртібінде

 

сыртқы орта шайындылары

ағымдағы қадағалау тәртібінде

 

дезинфекциялау құралдарындағы хлордың қалдығын айқындау

ағымдағы қадағалау тәртібінде

 

 бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су

 ағымдағы қадағалау тәртібінде
(жылына бір рет)

 

персоналды бактериологиялық тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша

 

1.2

 қабылдау бөлмелері, жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік

температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы

объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылыту маусымы кезеңінде жылына бір рет)

 

Р/с

Объектілер

Зертханалық зерттеулер

Зерттеу кезеңділігі

 

1

2

3

4

 

1.2

сыныптар


 


 

 

1.3

зертханалар, химия кабинеті, спорт залдары, шеберханалар, ас блоктары

желдетудің, шудың тиімділігін зерттеу

 ағымдағы қадағалау тәртібінде
(жылына бір рет)

 


 

су тарату крандары - ғимаратқа, ас блоктарына (бөлек блокта орналасқан кезде) – судың кіру және шығу орындары

 су құбыры жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

 объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы санитариялық қадағалау

 

1.4

 құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары

 бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су

объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде

 

1.5.

ыдыстарға өлшеп-құйылған суды пайдаланатын объектілер

ыдыстарға өлшеп-құйылған ауыз су (шөлмектердегі суды қоспағанда)

ағымдағы қадағалау тәртібінде

 

1.6

жабық жүзу бассейндері және ванналар

бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеуге алынатын су сынамалары

объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде

 

1.7

 компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер

жұмыс орындарындағы электромагниттік, электростатикалық өрістердің кернеуі, аэроиондардың шоғырлану және униполярлық коэффициент деңгейі, шу

объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде

 

1.8

оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмесі, оқу залы, медициналық кабинет

жасанды жарықтандыру деңгейі

 объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде

 

Р/с

Объектілер

Зертханалық зерттеулер

Зерттеу кезеңділігі

 

1

2

3

4

 

1.9

пешпен немесе автономды, электрсіз жылытылатын үй-жайлар, медициналық кабинеттер

ауа ортасын зерттеу

ағымдағы қадағалау тәртібінде

 

1.10

ойын алаңдарындағы құмды алаңқай

топырақты зерттеу

ағымдағы қадағалау тәртібінде мамырдан бастап қыркүйекке дейінгі кезеңде

 

1.11

балалар тауарларының ассортиментін сатып алуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары

балалар тауарларының ассортименті (киім, аяқ киім, ойыншықтар, косметикалық құралдар, кеңсе тауарлары, ыдыс, гигиена құралдары және басқалар)

жылына бір рет

 

 

"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
2-қосымша

           

 Жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдары топтарының (сыныптарының) толықтырылуы Жалпы білім беретін ұйымдар сыныптарының толықтырылуы

       Жалпы білім беретін ұйымдар үшін сыныптарды толықтыру 25 оқушыдан артық емес болып белгіленеді. Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында, мамандырылған білім беру ұйымдарында, гимназияларда және лицейлерде сыныптардың толықтыруын 20 оқушыға дейін азайтуға жол беріледі.

 

1 –кесте


 

Топтар (сыныптар)

Жасы

Балалар саны

 

1

2

3

4

 

1.

 Мектеп алды дайындық топтары (сыныптары)

 бес (алты) жастан алты (жеті) жасқа дейін

25-тен артық емес

 

2.

Жалпы білім беру ұйымдарының сыныптары

 6 (7) жастан 18 жасқа дейін
 (1 – 11 (12)-сыныптар)

25-тен артық емес

 

3.

Шағын жинақталған мектептердегі сыныптар

 6 жастан 18 жасқа дейін
(1 – 11 (12)-сыныптар)

5-10-нан 25 –ке дейін

 

           

 Арнайы білім беру ұйымдарында сыныптарды, тәрбиелеу топтарын, ұзартылған күн топтарын толықтыру

 

2-кесте

Балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары

Сыныптағы (топтағы) балалар саны

 


 

мектеп жасы

 

1

2

 

Сөйлеу қабілеті бұзылған:


 

 

сөйлеу қабілеті қатты бұзылған

12

 

 жекелеген дыбыстарды айта алмау фонетикалық-фонематикалық дамымаған

12

 

Есту қабілеті бұзылған:


 

 

естімейтін

8

 

нашар еститін және кейіннен саңырау болған

10

 

Көру қабілеті бұзылған:


 

 

көзі көрмейтін, кейіннен соқыр болған:

8

 

нашар көретін

12

 

амблиопия және қылилық

10

 

  жеңіл ақыл-ой кемістігі

10

 

орташа ақыл-ой кемістігі

6

 

 ауыр ақыл-ой кемістігі

4

 

психикалық дамуы тежелген

12

 

тірек-қозғалыс аппараты бұзылған

10

 

күрделі кемістігі бар

6

 

эмоциялық-ерік бұзылыстары бар

4

 

       

       Ескертпе: 1. Жергілікті жағдайларға және қаражаттың болуына қарай көрсетілген арнайы білім беру ұйымдарында ұзартылған күн сыныптарын, тәрбиелеу топтарын толықтырудың ұсынылған шекті толықтырудан төмен болуына жол беріледі.

      2. Дене бітімінің кемістігі және ақыл-ой кемістігі бар балалар топтарының саны (арнайы топ) 4 – 6-ны құрауы мүмкін.

 

"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
3-қосымша

 Жалпы білім беретін ұйымдардағы апталық оқу жүктемесі

 

Кесте

Сынып

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

Жүктеме сағатпен, аптасына

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

Инвариантты оқу жүктемесi

20,5

22

23

26

26

28

28

29

31

33

22

22

 

Сабақтар, факультативтер, таңдау бойынша курстар (жоғарғы сыныптарда бейійімдеу пәндері, қолданбалы курстар)

1,5

-

1

1

1

3

3

3

3

3

14

14

 

Жеке және топтық консультациялар, белсенді қозғалыс сипатындағы сабақтар

-

2

1

2

2

2

2

2

2

2

3

3

 

Ең көп оқу жүктемесi

22

24

25

29

29

33

33

34

36

38

39

39

 

 

"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
4-қосымша

                             

 Қиындығы бойынша пәндердi саралау кестесi 

 

Кесте

Пән

Балл саны

 

1

2

3

 

1

 Математика, орыс тiлi (қазақ тiлiнде оқытатын мектептер үшiн),
Математика, қазақ тiлi (қазақ тiлiнде оқытпайтын мектептер үшiн)

11

 

2

Шет тiлi, пәндерді шет тiлiнде оқу

10

 

3

Физика, химия, информатика, биология

9

 

4

Тарих. Адам. Қоғам. Құқық.

8

 

5

Қазақ тiлi, әдебиет (қазақ тiлiнде оқытатын мектептер үшiн)
Орыс тiлi, әдебиет (қазақ тiлiнде оқытпайтын мектептер үшiн)

7

 

6

Жаратылыстану, география, өзін-өзі тану, АӘД

6

 

7

Дене шынықтыру

5

 

8

Еңбек, технология

4

 

9

Сызу

3

 

10

Бейнелеу

2

 

11

Ән сабағы

1

 

 

"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
5-қосымша

         

 Оқу жиһазының өлшемдерi

 

Кесте

Жиhаздың нөмiрлерi

Оқушылар бойының тобы (миллиметрмен)

Білім алушыға қараған үстел жиегiнiң еденнен биiктiгi

Орындықтың алдыңғы жиегiнiң еденнен биiктiгi

 

1

2

3

4

5

 

1

1

1000 – 1150

460

260

 

2

2

1150 – 1300

520

300

 

3

3

1300 – 1450

580

340

 

4

4

1450– 1600

640

380

 

5

5

1600 – 1750

700

420

 

6

6

1750-ден жоғары

760

460

 

 

"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
6-қосымша

             

 Объектілердің оқу және тұрғын корпустарындағы санитариялық аспаптарға қажеттілік

 

1-кесте

 Жалпы бiлiм беретiн және интернат ұйымдарындағы оқу корпустарының санитариялық аспаптарға қажеттілігі

Р/с

Үй-жай

Өлшем бірлігі

Санитариялық аспаптардың
есепті саны

1

2

3

5

1

 Оқушылар дәретханалары және қолжуғыштары:
қыздарға
ұлдарға

1 білім алушы
1 білім алушы

20 қызға 1 унитаз,
30 қызға 1 қолжуғыш
30 ұлға 1 унитаз, 40 ұлға 0,5 писсуар лотогы,
30 ұлға 1 қолжуғыш

2

Персонал дәретханалары және қолжуғыштары (жеке)

2 санторап

1 унитаз, 1 қолжуғыш

3

 Әйелдердiң жеке гигиена кабинеті (персоналға арналған)

1 кабина

1 гигиеналық себезгі,
1 унитаз, 1 қолжуғыш

4

Жалпы мектеп үй-жайлары блогындағы акті залы – дәрісханасы жанындағы дәретханалар және қолжуғыштар

2 санторап (әйелдер және ерлер)

30 орындық залға 1 унитаз және 1 қолжуғыш

5

 Спорт залдардың киім шешетін орындары жанындағы дәретханалар және себезгілер

1 киім шешетін бөлме

1 унитаз, 1 қолжуғыш, 2 себезгі торы

6

 Асханадағы персоналға арналған дәретханалар және себезгiлер

1 санторап және 1 себезгі кабинасы

1 унитаз, 1 қолжуғыш, 1 себезгі торы

7

Қыздарға арналған жеке гигиена кабинасы

1 кабина

1 гигиеналық себезгi, 1 унитаз, бiр кабинаға 1 қолжуғыш, 70 қызға бiр кабина

8

Медициналық кабинеттегі персоналға арналған дәретханалар

1 санторап

1 унитаз, 1 қолжуғыш

9

Тамақ ішетін залдар жанындағы қолжуғыштар:
соқыр және нашар көретіндерге арналған мектеп-интернаттарда
ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттарда
жалпы білім беретін, мамандандырылған ұйымдарда, саңырау мен нашар еститін, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттарда

1 білім алушы
1 білім алушы
1 білім алушы

10 орынға 1 қолжуғыш
15 орынға 1 қолжуғыш
20 орынға 1 қолжуғыш

 Мектептен тыс ұйымдар үшін санитариялық аспаптарға қажеттілік

 

2-кесте

Р/с

Үй-жай

Өлшем бірлігі

Санитариялық аспаптардың есепті саны

 

1

2

3

5

 

1

Оқушылар дәретханалары:
қыздарға
ұлдарға

1 білім алушы
1 білім алушы

20 қызға 1 унитаз, 30 қызға 1 қолжуғыш
30 ұлға 1 унитаз, 0,5 писсуар лотогы және 1 қолжуғыш

 

2

Персонал дәретханалары және қолжуғыштары (жеке)

2 санторап

1 унитаз, 1 қолжуғыш

 

3

 Спорт залдардың киім шешетін бөлмелері жанындағы дәретханалар және себезгілер

1 киім шешетін бөлме

1 унитаз, 1 қолжуғыш
2 себезгі торы

 

           

 Жалпы білім беретін, мамандандырылған және арнайы интернат ұйымдары, интернат ұйымдарының жатын корпустары, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, КТБО тұрғын кешендеріндегі санитариялық аспаптар саны

 

3-кесте

Үй-жайлар атауы

Өлшеуіш

Санитариялық аспаптар саны

 

1

2

4

 

Қыздарға арналған дәретханалар және қолжуғыштар

1 тәрбиеленуші

5 қызға 1 унитаз
4 қызға 1 қолжуғыш
10 қызға 1 аяқ ваннасы

 

Ұлдарға арналған дәретханалар және қолжуғыштар

1 тәрбиеленуші

5 ұлға 1 унитаз
 5 ұлға 1 писсуар
4 ұлға 1 қолжуғыш
 10 ұлға 1 аяқ ваннасы

 

Қыздарға арналған жеке гигиена кабиналары

1 кабина

15 қызға 2 кабина:
1 гигиеналық себезгі
1 унитаз
1 қолжуғыш (биде немесе иілгіш шлангі және тұғырық)

 

Себезгі кабиналар

1 кабина

10 жатын орынға 1 себезгі торы

 

Ванналар

1 орын

10 жатын орынға 1 ванна

 

Киім шешетін орын

1 орын

бір себезгі торына 2 орын (бір орынға ұзындығы 0,5 м орындық)

 

Себезгі бөлмесіндегі және ваннадағы дәретханалар

1 дәретхана

1 унитаз
дәретхана жанындағы шлюзде 1 қолжуғыш

 

 

"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
7-қосымша

         

 Жасқа байланысты граммен тағам порцияларының ұсынылатын массасы

 

Кесте

Тамақ ішу, тағам

Жасы

 

6 - 11 жас

11-18 жас

 

1

3

4

 

Бірінші тағам

200-250

250-300

 

Екінші тағам:


 


 

 

Гарнир

100-150

150-180

 

 Ет, котлет, балық, құс еті

80-150

100-180

 

Көкөніс, жұмыртқа, сүзбе, ет тағамы және ботқа

150-200

200-250

 

Салат

60-100

100-150

 

Үшінші тағам

200

200

 

 

"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
8-қосымша

         

 Тамақ өнімдерін ауыстыру

 

Кесте

Ауыстыруға жататын өнім

Граммен салмағы

Ауыстыратын өнім

Граммен салмағы

 

1

2

3

4

5

 

1

Сиыр еті

100,0

1-санатты сүйегі бар кесек ет: қой еті, жылқы еті, қоян еті

100,0

 

1-санатты сүйегі жоқ кесек ет: қой еті, жылқы еті, қоян еті

80,0

 

1-санатты жылқы еті

104,0

 

құс еті

100,0

 

1-санатты субөнімдер:
бауыр, бүйрек, жүрек

116,0

 

пісірілген шұжық

80,0

 

ет консервілері

120,0

 

балық

150,0

 

жартылай майлы сүзбе

250,0

 

сүт

600,0

 

2

Майы алынбаған сүт

100,0

кефир, айран

100,0

 

қойылтылған стерилденген сүт

40,0

 

кілегей

20,0

 

майлы сүзбе

30,0

 

3

Қаймақ

100,0

кілегей

133,0

 

сүт

667,0

 

4

Сүзбе

100,0

сүт

333,0

 

ірімшік

40,0

 

сүзбе ірімшік

80,0

 

қаймақ

50,0

 

кілегей

66,0

 

5

Ірімшік

100,0

сиырдың сары майы

50,0

 

қаймақ

125,0

 

сүзбе

250,0

 

сүзбе ірімшік

200,0

 

сүт

825,0

 

жұмыртқа

3 шт.

 

6

Жұмыртқа

1 шт.

ірімшік

33,0

 

қаймақ

40,0

 

сүзбе

80,0

 

7

Басы алынған балық

100,0

ет

67,0

 

тұздалған майшабақ

100,0

 

балықтың жон еті

70,0

 

сүзбе

168,0

 

ірімшік

50,0

 

8

Жемістер

100,0

жеміс-жидек шырыны

100,0

 

кептірілген алма

20,0

 

кептірілген өрік

8,0

 

қара өрік

17,0

 

жүзім

22,0

 

қарбыз

300,0

 

қауын

200,0

 

 

"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
9-қосымша

             

 Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналы

 

1-нысан

Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің келіп түскен күні мен сағаты

Тамақ өнімдерінің атауы

Келіп түскен азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің саны (килограммен, литрмен, данамен)

Келіп түскен азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін органолептикалық бағалау нәтижелері

Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін өткізудің соңғы мерзімі

Күндер бойынша азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін іс жүзінде өткізу күні мен сағаты

Жауапты адамның қолы

Ескертпе (бар болса)*

 

1

2

3

4

5

6

7

8

 


 


 


 


 


 


 


 


 

 

                   

      Ескертпе : * Өнімдерді есептен шығару, кері қайтару фактілері және басқалар көрсетіледі.

 "С – витаминдеу" журналы

 

2-нысан

Тағамды дайындау күні және сағаты

Тағамның атауы

Қосылған витаминнің жалпы саны

Бір порциядағы "С" витаминінің мөлшері

Жауапты адамның қолы

 


 


 


 


 


 

 

             

 Тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналы

 

3-нысан

Тағамды және аспаздық өнімдерді дайындау күні және сағаты

Тағамның және аспаздық өнімнің атауы

Тағамның және аспаздық өнімнің дайындық дәрежесін қоса алғанда, органолептикалық бағалау

Өткізуге рұқсат ету (уақыты)

Жауапты орындаушы (Т.А.Ә.) (бар болса, лауазымы)

Бракераж жүргізген адамның Т.А.Ә. (бар болса)

Ескертпе

 

1

2

3

4

5

6

7

 


 


 


 


 


 


 


 

 

                 

      Ескертпе: 7-бағанда дайын өнімді өткізуге тыйым салу фактілері көрсетіледі.

 Ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері

 

4-нысан

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Лауазымы

айы / күндері

 

1*

2

3

4

7

8

9

10

11

12

13

14

15…
30


 


 


 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16


 


 


 

 

                                         

       Ескертпе: *дені сау, ауру, жұмыстан шеттетілді, санация жүргізілді, еңбек демалысы, демалыс

 _________ жылғы ___ айына тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесі

 

5-нысан

Р/с №

Тамақ өнімінің атауы

Тамақ өнімінің бір адамға граммен алғандығы г
(брутто) нормасы*

Бір адамға күндер бойынша (барлығы) бруттода, г. алғанда іс жүзінде өнім берілді / тамақтанатындар саны

10 күнде 1 адамға бруттомен алғанда барлығы тамақ өнімі берілді

Орташа алғанда 1 адамға күніне

% (+/-)-да нормадан ауытқу

 

1

2

3

...

10

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

 

                         

      Ескертпе: _______________________________________________________

 

"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
10-қосымша

 Медициналық пунктті жарақтандыруға арналған медициналық жабдықтар мен құрал-саймандардың ең аз тізбесі

Медициналық жабдықтар мен құрал-саймандардың атауы

Саны

 

1

2

3

 

1

Жазу үстелі

1

 

2

Орындықтар

2-6

 

3

Кушетка

1

 

4

Кеңсе шкафы

1-3

 

5

Медициналық шкаф

1

 

6

 Керме

1

 

7

Шыны қақпағы бар медициналық шағын үстел

1-2

 

8

Тоңазытқыш (вакциналарға және дәрі-дәрмектерге арналған)

2

 

9

Тонометр

1-2

 

10

Фонендоскоп

1-2

 

11

Бактерицидті шам

1-2

 

12

 Медициналық таразы

1

 

13

 Бой өлшегіш

1

 

14

 Вакциналарды тасымалдауға арналған термоконтейнер

1-2

 

15

Үстелге қоятын шам

1

 

16

Медициналық термометрлер

20-50

 

17

Қайшылар

2

 

18

Қол жуатын раковина

1

 

19

Педальды қақпағы бар шелек

1

 

20

Вакциналардың қалдықтарын жоюға арналған ыдыс

2

 

21

Медициналық халаттар

2

 

22

 Қалпақтар

2

 

23

Бір рет қолданылатын жаймалар

үнемі болады

 

24

 Бір рет қолданылатын қағаз сүлгілер

үнемі болады

 

25

Жинауға арналған қоңыр түсті халаттар

1

 

26

Бір рет қолданылатын бетперделер

10-30

 

27

 Жинау мүкәммалы: шелек, швабра, шүберек, шүберектерді сақтауға арналған сыйымдылықтар, қолғаптар

үй-жай жиынына қарай есептеледі

 

28

Дезинфекциялау құралдары

3 айға қор

 

29

Кеңсе тауарлары (журналдар, дәптерлер, желім, қаламсап, қағазтескі, степлер, корректор, папкалар және т.б.)

қажеттілігіне қарай

 

30

 Кішкентай бикс

1 дана

 

31

Үлкен бикс

1 дана

 

32

Резеңке бұрау

4-6 дана

 

33

2,0
5,0
10,0 инелері бар шрицтер

10 дана
10 дана
5 дана

 

34

Пинцет

1 дана

 

35

Резеңке жылытқы

1-2 дана.

 

1

2

3

 

36

Мұзға арналған ыдыс

1-2 дана.

 

37

Бүйрек тәрізді науа

5 дана.

 

38

Металл қалақша

40 дана.

 

39

Аяқ-қолды иммобилизациялауға арналған шиналар

5 дана.

 

40

 Кілемше


 

 

41

 Сантиметрлік лента

1 дана

 

42

 Көздің көргіштігін анықтауға арналған кестелер

1 дана

 

43

Дозаторлы сұйық сабын

үнемі болады

 

 

"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
11-қосымша

         

 Объектілердің медициналық құжаттамасы

       Ескерту. 11-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Медициналық құжаттама мыналар болып табылады:

      1) инфекциялық ауруларды есепке алу журналы;

      2) жіті инфекциялық аурулармен байланыстарды есепке алу журналы;

      3) профилактикалық егулер картасы;

      4) профилактикалық егулерді есепке алу журналы;

      5) вакциналардың, басқа бактериялық препараттардың қозғалысын тіркеу журналы;

      6) Манту сынамаларын тіркеу журналы;

      7) Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарауға жататын тәуекел тобындағы балаларды тіркеу журналы;

      8) фтизиопедиатрда қосымша зерттеп-қарауға жататын туберкулиннің оң нәтижесі бар адамдар журналы;

      9) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

      14) гельминттерге зерттеп-қаралатын адамдарды тіркеу журналы;

      15) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

      16) баланың денсаулық паспорты;

      17) тәуекел тобындағы балалардың тізімдері;

      18) студенттерді флюорографиялық зерттеп-қарауды есепке алу журналы;

      19) флюорографиялық оң нәтижесі бар адамдарды есепке алу журналы;

      20) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

      21) диспансерлік қадағалаудың бақылау картасы;

      22) тереңдетілген профилактикалық медициналық тексеріп-қарау журналы, мамандардың актілері;

      23) оқушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке медициналық карталары;

      24) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      25) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

      26) ас блогы жұмыскерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналы;

       27) шикі өнімдерге арналған бракераж журналы

      28) дайын тамақтың сапасын бақылау (бракераж) журналы

      29) "С- витаминдеу" журналы;

       30) бір айдағы тамақтану өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесі.



 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Жаңартылған күні: 14.02.2020 17:24
Құрылған күні: 14.10.2021 19:42

Текст