"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Құрметті ата-аналар және оқушылардың өзге де заңды өкілдері!

№ 6 МЛ әкімшілігі сіздерге жаңа 2022-2023 оқу жылынан бастап "орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы"ҚР БҒМ 14.01.2016 жылғы № 26 бұйрығына сәйкес міндетті мектеп формасы енгізілетіндігін хабарлайды.

 Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының стилі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында ұсталады. Мектеп формасының түсі қою көк түсті.

 № 6 МЛ оқушыларының айырықша элементі сұр тордағы қара көк галстук болып табылады.

Мектеп формасына түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.

 

 Заңнама нормалары

1.ҚР "Білім туралы"Заңы: 

5 бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

14-1-тармақ) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

49 бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері

2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті;

7) Білім беру ұйымында белгіленген киім (түрін, пішінін) сақтауға міндетті.

2. " Діни қызмет және діни бірлестіктер"туралы Заңы

3 бап. Мемлекет және дін

4. Рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта болады.

3. Неке (ерлі-зайыптылық)және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

70 бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері

Ата-аналар баланың міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

Жаңартылған күні: 18.05.2022 17:10
Құрылған күні: 18.05.2022 17:10

Текст