"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қ. №6 ОМЛ білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету

Көкшетау қ. №6 ОМЛ білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету

ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес №6 ОМЛ 7 қызмет көрсетеді:

  1. Бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдармалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау.
  2. Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау.
  3. Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру.
  4. Негізгі орта,жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
  5. Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын «растау» беру үшін аттестаттаудан өту үшін құжаттар қабылдау.
  6. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну.
  7. Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау.

2018 жылдан бастап білім беру ұйымдарына қабылдау және оқуға

қабылдау сайт арқылы жүзеге асырылады.Akmola.kz

  1. Осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш.
  2. Денсаулық жағдайы туралы анықтама №063/у нысаны және №026/у-3 нысаны.
  3. 2 дана 3х4 фотосурет 2 дана.

Комиссияның ПМПК қорытындысы ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымына оқуға қабылдау үшін қосымша ұсынылады.

Бұл қызмет 5 жұмыс күні ішінде көрсетіледі,2020 жылдың қаңтарынан бастап екі жүз үш қызмет алушыға ұсынылды.

Үйде оқытуды ұйымдастыру үшін заңды өкілдерден еркін нысандағы өтініш,ДКК мен ПМПК-ның оқыту ұсынысымен қорытындысы қажет.Бұл қызмет жыл басынан бір қызмет алушыға көрсетілді.

Пандемияға байланысты қала сыртындағы лагерьлерге құжаттар қабылдау және жолдама беру бойынша мемлекеттік қызмет тоқтатылды.

Телнұсқаларды беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының кеңсесі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі,көрсету мерзімі 15 жұмыс күні.

Қызметті екі өтініш беруші алды.

Сондай-ақ,екі өтініш берушіге педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру немесе растау үшін аттестаттаудан өту үшін құжаттар қабылдау бойынша қызмет көрсетілді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау қызметі енгізілді.Бұл қызмет жетпіс жеті қызмет алушыға ұсынылған.

Сондай-ақ,2020 жылдың 1 тамызынан бастап тегін жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну бойынша қызмет білім беру ұйымдарына берілді. Бұл қызмет жүз бес өтініш берушіге көрсетілді.

Хабардар болу мақсатында мектеп сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары орналастырылған.

Бұдан басқа,мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қол жетімділік мақсатында мектептің 1-қабатында көрнекі ақпараты бар стендтер орналастырылған (стандарттар,

өтініш үлгіліре және т.б.).Сондай-ақ,өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

Ай сайын қалалық білім бөліміне 7 мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ішкі мониторинг бойынша есеп ұсынылады.Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу жоқ. Мектепте мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі үдерісіне күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша мектеп директорының қабылдау бөлмесінің 40 22-25 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Жаңартылған күні: 26.01.2021 17:06
Құрылған күні: 26.01.2021 18:32

Текст