Текст
8 қазанда №6 МЛ кәсіптік бағдар беру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Петропавл қаласындағы Шекара қызметі академиясының өкілдері келді. Академия туралы ақпаратты майор Қапизов Серік Болатұлы берді. 11-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының азаматтарын келісімшарт бойынша әскери қызметке алуға болатыны айтылды.