"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Полиция жолы: „Достар“ Мәдениет үйінде кәсіби бағдар күні»

20 қараша күні «Достар» мәдениет сарайында Ақмола облысы Полиция департаменті Көкшетау қаласының мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдерді полиция қызметінің ерекшеліктерімен таныстырып, оларды осы салаға қызықтыру болды.Шара барысында департаменттің түрлі бөлімшелерінің жұмысы жан-жақты көрсетілді: кинологиялық қызметтің, патрульдік полицияның, криминалистикалық зертхананың және жедел әрекет ететін арнайы жасақтың қызметтері таныстырылды.Осындай кездесулер жастарға жауапты да маңызды мамандықтың қыр-сырын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.


Текст