"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылғы 18 қарашада № 6 МЛ ювеналды полицияның учаскелік инспекторы аға лейтенант Бекболатова Айғаным Ғалымқызы 9 -сынып оқушылары арасында" Буллингтен қорған!" атты тақырыпта лекция өткізді.
Әңгіме барысында ол қорқытудан қорғаудың және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, Айғаным Ғалымқызы оқушыларды заңнаманың тиісті баптарымен таныстыра отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы заңдардың сақталуы және құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы айтып берді.