"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5 сынып арасында "ЭКОМОДА" байқауы

26 қаңтарда №6 мектеп-лицейінде "ЭКОМОДА" байқауы өтті. Байқауға 5 сыныптың 10 оқушысы қатысты. Байқаудың мақсаты ластану мәселесіне назар аудару, қалдық материалдан әдемі және ерекше костюмдер жасауға болатындығын көрсету болды. Байқауға қатысушылар қияладарынын ұшқырлығын көрсете білді. Олар пластикалық бөтелкелер, картон, ескі газеттер, журналдар, маталар және тағы басқа материалдарды пайдаланды. Қазылар алқасы костюмдерді келесі критерийлер бойынша бағалады: өзіндік ерекшелігі, креативтілігі, орындау сапасы, байқау тақырыбына сәйкестігі.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:
Бас жүлдені 5 “з” сынып оқушылары Нагоева Айна мен Непейко Ярослав иеленді.
1 орын- 5г сынып оқушысы Тыщенко Кристина және 5в сынып оқушысы Сатыбалдинова Інжу
2 орын - 5д сынып оқушысы Мочалкина Валерия және 5ж сынып оқушысы Есемсеитова Альмира
3 орын - 5 “и” сынып оқушысы Ганзиева Залина, 5а сынып оқушысы Колубаткина Ева, 5ә сынып оқушысы Қайыргелді Томирис және 5б сынып оқушысы Яковлева Элина.
Байқаудың барлық қатысушылары дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. 
"Көрермендер көзайымы" номинациясының қорытындысын № 6 МЛ Президенті Попова Анастасия айтты. Жеңімпаз 5б сынып оқушысы Яковлева Элина болды.
№ 6 мектеп-лицей әкімшілігі костюмдер тігуге көмектескен ата-аналарды алғыс хаттармен марапаттады.
"ЭКОМОДА" байқауы мектеп өміріндегі жарқын және есте қаларлық оқиға болды. Ол оқушылардың назарын ластану мәселесіне аударуға көмектесті және қалдық материалдан әдемі, ерекше заттарды жасауға болатынын көрсетті.

Жаңартылған күні: 27.01.2024 19:11
Құрылған күні: 27.01.2024 19:11

Текст