"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасы аумағынан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған іс-шара

13 ақпан күні №6 мектеп-лицейінде  Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасы аумағынан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға шақырылғандар: соғыс ардагері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің запастағы полковнигі Шукубаев Марат Қадырұлы; интернационалист-жауынгерлер Алинов Мұхамбет Бастаминович пен Ғарипуллин Саябек Балтабекұлы.
Оқушылар Ауған соғысының тарихымен, оның ұзақтығымен, Кеңес әскерлерінің орны толмас шығындарымен, жерлестерімізбен танысты. Жауынгерлік борышын өтеу кезінде асқан қайсарлық, жанқиярлық, ерлік көрсеткен тұлғаларды бір минут үнсіздікпен еске алып, қаза болған жауынгерлер мен офицерлер рухына тағзым етілді, өлеңдер оқылды, деректі бейнематериалдар пайдаланылды.

 

Жаңартылған күні: 14.02.2024 00:13
Құрылған күні: 14.02.2024 00:13

Текст