"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мисс және Мистер Интеллект" мектеп байқауы

2024 жылғы 24 қаңтарда № 6 мектеп-лицейінде жаратылыстану-математика пәндері онкүндігінңң аясында 10-11 сынып оқушылары арасында "Мисс және Мистер Интеллект" мектеп байқауы өтті. “Бірыңғай тәрбие бағдарламасын” іске асыруға сәйкес іс-шараның міндеттері: талантты, шығармашыл балаларды анықтау, оқушылардың математика, химия, биология пәндерін оқуға қызығушылығын қалыптастыру; академиялық адалдыққа тәрбиелеу.
Байқауға 25 оқушы қатысты. Қатысушыларға биология бойынша 10 тест сұрақтары, математикалық сауаттылығы бойынша үш тапсырма және қызықты химия бойынша 5 сұрақ берілді. 
№ 6 мектеп-лицейінің "Мисс Интеллект" және "Мистер Интеллект" атағы мен ГРАН-приді 11 "Ә" сыныбының оқушысы Адия Ужарова және 11 "Ә" сыныбының оқушысы Едіге Айбат жеңіп алды. 1 орынды 10 "Б" сынып оқушысы Милке Ангелина, 2 орынды 10 "Б" сынып оқушысы Ковалева Валерия иеленді. Үш қатысушы қола жүлдегер атанды: 11 "Ә" сынып оқушысы Аманжол Ақерке, 11 "Б" сынып оқушылары Валенчук Полина мен Естемесова Даяна.
Көрермендермен ойынның жеңімпазы 9 "Д" сынып оқушысы Кенесова Гүлден болды. Сондай-ақ, қазылар алқасы көрермендермен ойынның белсенді қатысушыларын атап өтті. Олар: 10 "Б" сынып оқушысы Глеб Сапельников, 10 "Б" сынып оқушысы Мансур Тортаев, 11 "Б" сынып оқушысы Артур Яранцев.
Қазылар алқасының төрағасы болған № 6 мектеп-лицейінің директоры Г. Ж. Абдыкасымова барлық қатысушыларға грамота, алғыс хат және естелік сыйлықтар табыс етті. 
Іс-шараны директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. В. Наумова және химия, биология, география әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Р. К. Самбаев дайындады.

Жаңартылған күні: 24.01.2024 21:48
Құрылған күні: 24.01.2024 21:48

Текст