Текст
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Еңбегі адал – жас өрен” жобасы шеңберінде 2025 жылдың 26 қыркүйегінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде “Ашық есік күні” ұйымдастырылды. Іс-шараға 9-сынып оқушылары қатысып, өртсөндірушілердің арнайы құрал-жабдықтарымен және олардың қызмет ерекшеліктерімен танысты. Балаларға төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері түсіндіріліп, осы мамандықтың маңызы айтылды. Іс-шара оқушылардың қызығушылығын тудырып, оларға ерекше әсер қалдырды.