Текст
Ұйымдар тізімі
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Еңбегі адал – жас өрен” жобасы аясында 2026 жылдың 9 сәуір күні біздің мектебімізде «Мамандықты дұрыс таңдау – өмір сәттілігінің негізі» атты қалалық іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға қаламыздың №4 мектеп пен №5 Таңдау МГ 9-сынып оқушылары қатысты. Іс шараға шақырылған қонақтар Жоғары техникалық колледжі мен Құрылыс-технологиялық колледжінің мамандары келіп, мастер-класс ұйымдастырды. Іс-шара оқушылардың көңілінен шығып, олар белсенді түрде кері байланыс жасады. Оқушылар өздеріне қажетті ақпарат алып, болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар алды.

2026 жылы 1-сыныпқа қабылдау