Текст
Ұйымдар тізімі


«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Еңбегі адал-жас өрен» жобасы аясында 2025 жылдың 2 желтоқсан күні мектебімізге Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының мамандары келіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында 11-сынып оқушыларына институт туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ мамандар оқу бағдарламалары, грант мүмкіндіктері, талап етілетін құжаттар және болашақ мамандықтардың еңбек нарығындағы сұранысы туралы түсіндіріп өтті.
Бұл кездесу оқушылардың қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын таңдауға деген сенімін күшейтті.

Бос лауазымдарға орналасу...