"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанындағы көпсалалы колледж

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанындағы көпсалалы колледж 2001 жылы ашылған және университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мамандар даярлығы білім беру, құқық, экономика және басқару, техникалық және ауыл шаруашылығы ғылымдары бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Оқу келесі мамандықтардың күндізгі және сырттай оқыту түрлері бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі:

1. 0111000 – Негізгі орта білім. Біліктілік: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, шет тілі мұғалімі, информатика мұғалімі.

2. 0518000 – Есеп және аудит (салалар бойынша). Біліктілік – экономист-бухгалтер.

3. 0516000 Қаржы (салалар бойынша) Біліктілігі: Қаржы жұмысы бойынша экономист

4. 0201000 – Құқықтану. Біліктілік – заңгер.

5. 1510000 – Ауыл шаруашылығын механикаландыру. Біліктілік – техник-механик, Біліктілігі: Слесарь-жөндеуші

6. 1305000 – Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша). Білім беру қызметтері колледжде ҚР БҒМ нормативтік-құқықтық құжаттарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңына, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысының бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Колледждің білім беру қызметінің басты мақсаты – тұлғаның интеллектуалдық, адамгершілік, эмоционалдық және тұлғалық дамуына жағдай жасау. Басымды міндеттер – оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу, оқу-тәрбие қызметіндегі сараланған тәсіл.

Көпсалалы колледж – жаңа оқу орны, бірақ соған қарамастан өз тарихы мен өзіндік ғылыми және кәсіби тәжірибесі бар. Колледждің білім саласындағы нық қадамы оның ғылыми, әдістемелік және шығармашылық зор әлеуетке ие екенін және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің озық дәстүрлерін лайықты жалғастырып, одан әрі дамытуға үлес қосады деп пайымдауға мүмкіндік береді.

 

Жаңартылған күні: 22.05.2020 12:30
Құрылған күні: 22.05.2020 12:30

Текст