"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Чернобыль атом электр станциясындағы №6 МЛ 2020-2021 оқу жылындағы радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға қатысушылар күніне арналған «Ерлік сабағын» өткізу туралы ақпарат.

2021 жылдың 19 сәуірінде №6 МЛ-де «Ерлік сабағы» өтті.Аталған іс-шараға қатысқандар:Бимағанбетов Талғат Балтакескенұлы,отставкадағы майор,Богисов Тайыр Еслямович,Фортуна Анатолий Васильевич.

       Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушы Фортуна Анатолий Васильевич өзінің бастан кешкендері,реактор корпусының астында туннель салу жөніндегі еңбегі,кенші достары туралы,олардың көбі тірі қалған адамдар туралы қысқаша әңгімелеп берді.Ол адамзаттың техникалық прогресі

үшін өзіндік төлемге айналған ең қорқынышты экологиялық апаттардың бірі туралы айтты.Оқушылар қайғылы оқиғаның ауқымы, радиациядан туындаған

түрлі аурулар,экологиялық апаттың салдары, радияциялық инфекциямен

күресу шаралары туралы білді.Балалар түрлі сұрақтар қойды.Аппатан кейін толығымен бос қалған қалалардың тағдыры оларды ерекше толқытты.

      Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан отставкадағы майор Талғат Балтакескенұлы Бимағанбетов апаттың пайда болу себептері,

қоршаған ортаға тигізетін зардаптары туралы айтып берді.

       Оқушылар «Чернобыльдың болмысы мен ауыруы» фильмін тамашалады.

       Чернобыль апатының жаңғырығы тағы бір он жылдық уақыт айтылатын болады.Сондықтан бұл апаттың тарихы және оның салдарын жеңу тарихы туралы адамдар біліп,есте сақтауға тиіс.

 

 

       Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары    А.Наумова  

Жаңартылған күні: 20.04.2021 01:37
Құрылған күні: 20.04.2021 01:37

Текст