"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқуға құштар мектеп

22- ақпан күні Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінде «Оқу мектебі» жобасы аясында жас қаламгер, бес шығарманың авторы Саматова Томириспен конференция өтті. Бұл «Оқу мектебі» жобасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен мектеп оқушыларының кітап оқу деңгейін көтеріп, олардың сөзге, өнерге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында қолға алынған. Автор туралы айтатын болсақ – Саматова Томирис,  № 6 МЛ түлегі және үздік жас жазушы сыйлығының иегері.Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірнеше рет алғыс хаттарымен  марапатталғанын атап өткен жөн. Томирис жазушылық мансабын 12 жасында бастап, 16 жасында алғашқы кітабын шығарды. Сонымен қатар, жас қаламгер Ұлыбритания Жазушылар Гильдиясының мүшесі және ғылыми қызметпен белсенді айналысады. Қазіргі уақытта Саматова Томирис Ростов-на-Дону қаласында және  Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік  университетінің магистратураның 2 курсында білім алуда, өз елінде де, шетелде де көптеген ғылыми жарияланымдары бар. Оның «Өмір сүрудің 50 себебі», «Құдайға хат», «Арманның құны», «Сәлем бақсылары туралы аңыз», «Періште өміріндегі бір күн» кітаптары жастар арасында үлкен сұранысқа ие және терең философиялық, психологиялық мағынаға ие. Қазіргі уақытта бұл кітаптар министрлік ұсынған әлеуметтік маңызы бар әдебиеттер тізіміне енгізіліп,  Қазақстан Республикасының Кітап палатасында орналасқан.

 

6 мектеп-лицейінің 1 Е сынып жетекшісі Жусупова С.А.
"Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен "Қоянның үйшігі" ертегісінің қойылымы қойылды.Мақсаты:Балаларға ертегіні сахналауды үйрету.Кейіпкерлердің рөлдерін сомдау арқылы шығармашылық қабілеттерін,кітапты оқуға деген қүштарлығын  арттыру.
#Оқуғақұштармектеп#
#Читающаяшкола#

#6 мектеп-лицейінің 1В сынып жетекшісі С.Е.Қасымова “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен “Жеті лақ” ертегісі қойылымын қойды. 
Мақсаты: оқушыларды ертегіге, кітап оқуға қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қойылым барысында оқушылар мен ата-аналар ертегі кейіпкерлерінің дүниесімен тереңірек танысып, олардың мінез ерекшеліктерін сахнада көрсете білді. Қойылым өте жоғары деңгейде өтті.

 

Классный руководитель 1 «Г»  класса школы-лицея № 6  Войтенко Е.В. в  рамках проекта  «Читающая школа»  поставила  инсценировку сказки 
«Репка», где приняли активное участие и показали своё мастерство родители  и учащиеся класса.
Цель: повышение интереса и любви учащихся к сказкам, чтению книг,развитие творческих способностей.
В ходе инсценировки сказки  учащиеся и родители смогли глубже познакомиться с миром сказочных героев, добавив свою творческую фантазию , сумели донести до зрителя  особенности  характера  героев произведения . Инсценировка сказки  прошла  на очень высоком уровне.
#оқуғақұштармектеп
#читающаяшкола
# Читаем зимой

 

Инсценирование русской народной сказки Теремок

 

6 мектеп-лицейінің 2 "Ә" сынып жетекшісі Аманжолова Аманша Парахатовнаның жетекшілігімен "Оқуға құштар мектеп "жобасы аясында "Өсімдіктер мен кемпірқосақ " атты ертегі қойылымы қойылды. Қойылым мақсаты: Балалардың кітапқа деген сүйіспеншіліктерімен қызығушылықтарын ояту мақсатында ертегі кейіпкерлерінің рөлінде сөз мәнерін, қимыл қозғалысын көрсете отырып, сахнада өзін сенімді ұстай алуға үйрету. Сөздерді анық айту мен есте сақтау қабілетін дамыту.

Жаңартылған күні: 22.02.2023 06:50
Құрылған күні: 22.02.2023 15:02

Текст