Ұйымдар тізімі
18.04.2024
Кәсіптік бағдар беру және оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру шеңберінде 2024 жылғы 12 сәуірде Ш. Уәлиханов атындағы университеті математика, физика және информатика кафедрасы Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында университетішілік олимпиада өткізді. Жалпы білім беретін мектептердің болашақ мұғалімдерін даярлау шеңберінде күрделі бағыттардың бірінде құзыреттілікке ие білікті мамандарды даярлау – дарынды балаларды анықтау және олимпиадаларға даярлау болып табылады. Бұл олимпиадада математика пәні бойынша 8"Ә” сынып оқушысы Бурумбай Біләл 3 орын алды (мұғалімі А.Б.Кошанов). 7"А” сынып оқушысы Ибраев Эльдар математика пәні бойынша жоғары нәтижелері үшін грамотамен марапатталды (мұғалімі Г.К.Ким).




8-11 сынып оқушыларына арналған...