Текст
12 қараша "Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты" КММ базасында 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауы өтті. "Зерде-2024" облыстық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы, математика секциясы , 7 "А" сынып оқушысы Потапченко Максимді құттықтаймыз.
Ғылыми жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі М.М. Урумбаеваға, сондай-ақ "Самұрық" ОҒҚ жетекшісі Г. К. Жилкайдароваға кәсібилігі мен жоғары ынталы оқушыларға көрсеткен қолдаулары үшін алғысымызды білдіреміз. Максимге "Зерде" ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде табыс, ғылыми-шығармашылық қызметте жетістіктер тілейміз!