Текст
12 қарашада Ақмола облысының "Өрлеу" БАҰО АҚ жоспары бойынша "№6 мектеп-лицей" базасында химия мұғалімдері курс тыңдаушылары үшін көшпелі практикалық семинар өтті. Аталған семинар аясында химия пәнінің мұғалімдері К. З.Нургазина мен А .В. Наумова оқушылардың ойлау қызметін жандандыру мақсатында химия сабақтарында цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып сабақтар көрсетті. Биология пәнінің мұғалімі Ж. Ш. Кулданоаа биология сабақтарында ЖИ қолдану тәжірибесімен және цифрлық ресурстармен бөлісті. Көшпелі практикалық семирар жақсы әдістемелік деңгейде өтті, мұғалімдер "Өрлеу" БАҰО АҚ курстарының аға оқытушысы А. О. Жуманбаевадан өз жұмыстарына жоғары баға алды.