Ұйымдар тізімі
23.01.2026
Бүгін, 23 қаңтар күні Неке сарайы ғимаратында қаладағы түрлі ұйымдардың қызметкерлері қатысқан қазақ тілі курстары тыңдаушыларына арналған салтанатты сертификат табыстау рәсімі өтті.
Аталған іс-шарада №6 мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Ақмарал Сериковна қала әкімдігі жанындағы Тілдерді оқыту орталығында қазақ тілі курстарынан өткен мектептің 23 мұғаліміне арналған сертификаттарды қабылдап алды. Аталған курстарды орталықтың білікті оқытушылары жүргізді.
Сонымен қатар №6 мектеп-лицейінің директоры Әбдіқасымова Гүлнара Жантыновна Көкшетау қаласының әкімі атынан Алғыс хатпен марапатталды. Өз кезегінде мектеп басшысы қазақ тілін дамыту мен оқыту ісіне қосқан үлесі үшін «Көкшетау қаласының тілдерді оқыту орталығы» бөліміне алғыс хат табыстады.


