"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғылымдар онкүндігі аясында Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінде қала мұғалімдеріне арналған математика пәні бойынша қалалық әдістемелік семинар өтті.

19.02.2026

                 Дәл ғылымдар онкүндігі аясында Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінде қала мұғалімдеріне арналған математика пәні бойынша қалалық әдістемелік семинар өтті. Іс-шара барысында қала мектептерінің педагогтері 8 «А» сыныбында өткен геометрия пәнінен ашық сабаққа қатысты. Сабақты өткізген мұғалім М.М. Урумбаева өтілген материалды бекіту барысында математикалық сауаттылық тапсырмаларын қолдану тәжірибесімен бөлісті.
               Сондай-ақ осы күні 10–11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі жыл сайынғы «Мисс және Мистер Интеллект – 2026» байқауы ұйымдастырылды. Күрделі математикалық сауаттылық тапсырмаларын үздік орындаған 10 «Б» сынып оқушылары Салова София мен Беркайыр Альмансур Гран-при иегерлері атанып, «Мектеп мақтанышы» медалі мен құрмет лентасына ие болды.
Көрермендермен өткізілген ойында 11-сынып оқушысы Марк Земляков үздік деп танылды.
               Семинардың қорытынды бөлімінде мектеп директоры әрі математика пәнінің мұғалімі Г.Ж. Абдыкасымова ҰБТ-ға дайындық бойынша шеберлік сағатын өткізді. Математикалық сауаттылық бойынша күрделі тапсырмаларды талдауға «Достық» мектебінің жас маманы Ш.Асайбек қатысты.  Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға мазмұнды әрі нәтижелі өткен әдістемелік күн үшін алғыс білдірді.

Мадина Арманқызы, №6 мектеп-лицейінің мұғалімі

Просмотров: 36


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст