Ұйымдар тізімі
Егер сіз 2026 жылғы 15 наурыздағы дауыс беру күні тіркелген жеріңізде болмайтын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз?
Ол үшін 2026 жылғы 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетіп, жазбаша өтінішпен жүгіне аласыз. Комиссия сізге дауыс беру құқығын куәландыратын куәлік (открепительное куәлік) береді. Мұндай куәлікті сенімхат бойынша өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Дауыс беру құқығын куәландыратын куәлік жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.
Сондай-ақ назар аударыңыз: бір елді мекеннің ішінде басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға мұндай куәлік берілмейді. Дауыс беру күні өзіңіз уақытша болатын жердегі учаскеге барып, осы куәлікті көрсетіңіз. Учаскелік комиссия сізді дауыс беру үшін сайлаушылар тізіміне енгізеді.
Толық ақпарат алу үшін өз елді мекеніңіздегі әкімдік call-орталығына хабарласа аласыз.


Мектеп директорының 8 Наурыз...