Текст
Ұйымдар тізімі
Құрметті ханымдар, ару қыздар!
Сіздерді көктемнің ең жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел – өмірдің шуағы, отбасының берекесі, қоғамның көркі. Сіздердің мейірімділіктеріңіз бен даналықтарыңыз, сабырлылықтарыңыз бен еңбекқорлықтарыңыз әрқашан үлкен құрметке лайық. Қай салада еңбек етсеңіздер де, ел дамуына қосып жатқан үлестеріңіз ерекше. Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Жүздеріңіз әрдайым күлкіге толы болып, жүректеріңіз қуанышқа кенелсін! Көктемдей құлпырып, бақытқа бөлене беріңіздер!

Құрметпен, №6 мектеп-лицейінің директоры
Абдыкасымова Г.Ж.

Мектеп директорының 8 Наурыз...