29 сәуір күні №6 ОМЛ аумағында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған фестиваль «біздің халқымыздың достығы күшті » атты іс-шараға 2-11 сыныптар аралығында өткізіліп , бұл
іс-шараға ата-аналар мен мұғалімдер белсенді қатысты. 2 апта бұрын Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шараға әр сыныптар аралығында жеребе өткізіп, елдер мен халықтарды бөліп алды. Әр сынып өз халқы туралы салт-дәстүрін, мәдениетін, дайындалған костюмдер, ұлттық тағам туралы әңгімеледі, би,ән, өлең шырқады. Ұлттық киімдегі оқушылар тізбектегі құрылған қолына ұстап , біздің еліміздің халқының бірлігін бейнелейді. Қазақ, орыс, татарлар, шешендер, өзбектер, поляктар және Қазақстанда тұратын басқа этникалық топтар өкілдерін тұрды. «Біздің
халқымыздың достығы күшті» атты іс-шараға ата-аналар өз дастархандарын жайды. Бұл іс-шарада 42 әр түрлі тағам қойылды. Орыстар «құймақ», татарлар «бәліш» және т.б. Барлығын бауырсақ пен ыстық шаймен дәм татқызды.